Тамақтану пункттері
-
Университеттегі өмір
-
"Өнер, дизайн және гигиена негіздері" қосымша білім беру орталығы
Университет білім алушыларын кез келген күрделі және жоғары сапалы, бірегей, заманауи және перспективалы сән үлгілеріне сәйкес келетін косметикалық және шаштараз қызметтерін жоғары көркемдік деңгейде оқытуды қамтамасыз етеді.
Орталық университет білім алушыларына курстар, семинарлар өткізеді. Курстан өту бойынша білім алушыларға курстан өткені туралы сертификат беріледі.
Мекен-жайы: Сейфуллин көшесі 511.
Жұмыс кестесі: 10:00-ден 19:00-ге дейін
Нөмірі: 233-18-28
Шетелдік студенттеріне арналған жатақхана
Жатақханадан орын Алматы қаласының аумағында тұрғын орны жоқ, университет мамандарына (қызметкерлері), форумдарға, конференцияларға қатысушыларға, халықаралық, екі жақты келісімдердің шарттары бойынша келген шетелдік мамандар, сыртқы академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету шеңберінде келген шетелдік мамандар үшін - алмасу және университет деңгейінде өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысу үшін уақытша тұру шарты негізінде беріледі.
Жұмыс тәртібі: тәулік бойы.
Нөмірі: 233-18-21
"Асхана"
Университет студенттерін, оқытушыларын және қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге арналған. Асханада шығарылатын өнімдердің ассортименті өте кең, бұл барлық келушілерге қолма-қол есеп айырысу үшін еркін таңдауға мүмкіндік береді. Тамақтанушыларға ыңғайлы болу үшін кешенді түскі астар да іске асырылады. Негізгі сауда залынан басқа, асхананың 3 буфет бар, буфеттерде ыстық өнімдерді, кондитерлік және ұн өнімдерін, сусындар сатылады. Буфеттер оқу корпустарында орналасқан.
Жұмыс кестесі: 09:00-ден 18:00-ге дейін
Номірі: 279-28-74