Шетел азаматтары

    • Шетел азаматтарын оқуға қабылдау

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Шетел азаматтарын ақылы негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау ЖЖОКБҰ-ның (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының) қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5(бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

      Бұл ретте шетелдік азаматтарды білім беру гранты және ақылы негізде қабылдауды Заңның 9-1-бабына сәйкес аккредиттеуден өткен ЖЖОКБҰ-лар жүзеге асырады.

      Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар  (шет ел азаматтары үшін):

      1. қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш;
      2. жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды заңдастырылған паспорт көшірмесі);
      3. жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқасы, нотариалды заңдастырылған көшірмесі, нострификациядан өткендігі туралы куәлігі);
      4. 3х4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет (дисктегі электронды нұсқасы);
      5. ведомостан үзінді (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
      6. білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
      7. жеңілдікке құқық беретін құжаттар (бар болған жағдайда).