Бакалавриатқа қабылдау

      • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне (ҚазҰҚПУ) қабылдау рәсімі

        Қоғам оқуға білім беру бағдарламалары бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғаларды қабылдайды 1-Қосымшаға сәйкес.

        1. ҚазҰҚПУ-не жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.

        2. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша шекті балл:

        • «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – 75 балл;
        • «Педагогикалық емес ғылымдар» білім беру саласы бойынша – 65 балл.

        Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша және (немесе) әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алу қажет.

        Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.

        2.1. SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және немесе ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығына сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады. SAT (САТ) балдарын ҰБТ-ға ауыстыру SAT reasoning (САТ ризонинг) және SAT subject (САТ сабджект) сертификаттары болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте SAT subject нәтижелерін ҰБТ балына ауыстыру бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ғана 2-Қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

        3."Орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ҚазҰҚПУ-не қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

        ҚазҰҚПУ-не жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

        4. Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде қабылдауды дербес ҚазҰҚПУ-не жүзеге асырады.

        Шетел азаматтарын ақылы негізде ҚазҰҚПУ-не қабылдау Қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

        5. ҚазҰҚПУ-не түсуші адамдарды қабылдау «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) (бұдан әрі – сертификат) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.


      • Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды қабылдау және өткізу тәртібі

        Арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін бакалавриат бойынша білім беру бағдарламалары топтары, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша оқуға қабылдау арнайы және шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып 3 қосымшаға және 4 Қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.

        2. Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу осы Үлгілік қағидалардағы қосымшаға сәйкес Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

        Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

        Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі

        3. Толық (4 жыл) оқыту мерзімдерін көздейтін талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.

        Қысқартылған оқыту мерзімдерін (3 жыл) көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

        Шығармашылық дайындықты талап ететін білім бағдарламасы үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

        Толық (4 жыл)  оқыту мерзімдерін көздейтін талапкерлер үшін шығармашылық емтихандар 45 балдық жүйе бойынша бағаланады.

        Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін талапкерлер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

        4.«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау және арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылғы 20 маусымнан – 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

        «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына түсуші адамдар ҚазҰҚПУ-нің қабылдау комиссиясы өткізетін бір арнайы емтихан тапсырады.

        «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады

        Арнайы және шығармашылық емтихандарды өткізу арнайы және шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылады.

        Арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша бакалавриат бойынша білім беру бағдарламаларына сәйкес оқуға түсуші адамдар арнайы және шығармашылық емтихандар тапсыру үшін Қоғамның қабылдау комиссиясына келесідей құжаттарды тапсырады:

        • жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа);
        • 3 x 4 көлеміндегі 2 фотосурет;
        • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
        • ҰБТ сертификаты (бар болса);
        • «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).

        6.4 Шығармашылық емтихан тапсыру үшін оқуға түсушілерден өтініштерді қабылдау Қоғамда күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 7 шілдесі аралығында жүзеге асырылады.

        Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

        ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде шығармашылық емтихан тапсыру үшін оқуға түсушілерден өтініштерді қабылдау Қоғамда күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 7 шілдесі аралығында жүзеге асырылады.

        ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде шығармашылық емтихан күнтізбелік жылдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

        Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар, шығармашылық дайындықты талап ететін бакалавриат бойынша білім беру бағдарламаларына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.

        Шығармашылық дайындықты талап ететін бакалавриат бойынша білім беру бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

        6.5 Қоғамға «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау және арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 24 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

        ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша Қоғамға түсу үшін арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

        Көрсетілген 6.4 және 6.5 тармақшасындағы күнтізбе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ағымдағы кезеңге шығарған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзгертілуі мүмкін.

        6.6 Шығармашылық дайындықты талап ететін, бакалавриат бойынша білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсуші адамдар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде шығармашылық емтиханды тапсырады.

        Шығармашылық дайындықты талап ететін бакалавриат бойынша білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін:

        • Қазақстан тарихы,
        • оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

        Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін, бакалавриат бойынша білім беру бағдарламалары тобына түсетін адамдар үшін арнайы пәннен  балдары ескеріледі.

        6.7 «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша Қоғамға түсуші адамдар Қоғамның қабылдау комиссиялары өткізетін арнайы емтихан тапсырады. «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша Қоғамға түсуші адамдар үшін:

        • Қазақстан тарихы,
        • математикалық сауаттылық,
        • оқу сауаттылығы (оқу тілі),
        • екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

        Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша Қоғамға түсуші адамдар үшін жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша балдар ескеріледі.

        6.8 Арнайы және шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламаларын Бағдарлама көшбасшылары және Қоғамның Басқарма Төрағасы-Ректор бекітеді.


      • Арнайы және шығармашылық емтихандарды өткізу бағдарламалары
      + Қажетті құжаттар
      • Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар

        ЖОО-на өтініш жасаған кезде:

        1. Басқарма Төрағасы - Ректордың атына оқуға қабылдау туралы өтініш;
        2. Білімі туралы құжат (аттестат/диплом қосымшасымен) түпнұсқа;
        3. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) – 2 дана;
        4. 3 х 4 көлеміндегі 4 фотосуреті (CD дискте электрондық нұсқамен);
        5. ҰБТ сертификаты (күндізгі бөлім үшін);
        6. Мемлекеттік білім беру гранты туралы куәлік (күндізгі бөлім үшін);
        7. ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
        8. 075-У формалы медициналық анықтама флюорография суретімен;
        9. Баланың денсаулығы туралы төлқұжат -063 (күндізгі бөлім үшін);
        10. Жеңілдікке құқық беретін құжаттар түпнұсқа мен көшірме (мүгедектер, толық емес отбасы, ата-анасынан айрылған балалар, көп балалы отбасы) (күндізгі бөлім үшін);
        11. Оқу ақысы төленгені жөніндегі түбіртек көшірмесі (ақылы бөлімдер үшін);
        12. Конверт А5;
        13. Скоросшиватель.

        Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

        1) еңбек кітапшасы (төлнұсқа салыстыру үшін көрсетіледі);

        2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

        3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы;

        4) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелері және әлеуметтік төлемдер жүргізілгені туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

        5) мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартын;

        6) еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндіні;

        7) жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндіні қоса береді.

        Осы 1) тармақшада көрсетілген құжат көшірмеcімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.


      + Мамандықтар бойынша бейіндік пәндер
      • Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

        2020 жылдан бастап білім беру гранттары маусым айында өткізілетін ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады.

        Білім беру бағдарламаларының тобы бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларынан тұрады. Жалпы білім беру бағдарламаларының 97 тобы бар.

        ҰБТ-да бейіндік пәндердің келесі комбинациялары анықталған:

        Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

        Білім беру бағдарламалары тобы

        Бейіндік пәндер

        1 бейіндік пән

        2 бейіндік пән

        6В01 Педагогикалық ғылымдар

         

        В001

        Педагогика және психология

        Биология

        География

        В002

        Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

        Биология

        География

        В003

        Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

        Биология

        География

        В005

        Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

        В006

        Музыка мұғалімдерін даярлау

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

        В007

        Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

        В009

        Математика мұғалімдерін даярлау

        Математика

        Физика

        В010

        Физика мұғалімдерін даярлау

        Физика

        Математика

        В011

        Информатика мұғалімдерін даярлау

        Математика

        Физика

        В012

        Химия мұғалімдерін даярлау

        Химия

        Биология

        В013

        Биология мұғалімдерін даярлау

        Биология

        Химия

        В014

        География мұғалімдерін даярлау

        География

        Дүниежүзі тарихы

        В015

        Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

        Дүниежүзі тарихы

        География

        В016

        Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

        Қазақ тілі

        Қазақ әдебиеті

        В017

        Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

        Орыс тілі

        Орыс әдебиеті

        В018

        Шет тілі мұғалімдерін даярлау

        Шетел тілі

        Дүниежүзі тарихы

        В019

        Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

        Биология

        География

        В020

        Арнайы педагогика мамандарын даярлау

        Биология

        География

        6В02  Өнер және гуманитарлық ғылымдар 

        В025

        Дәстүрлі музыка өнері

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

        В028

        Хореография

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

        В034

        Тарих және археология

        Дүниежүзі тарихы

        География

        В036

        Аударма ісі

        Шетел тілі

        Дүниежүзі тарихы

        В037

        Филология

        Қазақ/Орыс тілі

        Қазақ/Орыс әдебиеті

        6В03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат  

        В038

        Әлеуметтану

        Математика

        География

        В041

        Психология

        Биология

        География

        В043

        Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

        Қазақ/Орыс тілі

        Қазақ/Орыс әдебиеті

        6В05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика 

        В050

        Биологиялық және сабақтас ғылымдар

        Биология

        Химия

        В053

        Химия

        Химия

        Биология

        В054

        Физика

        Физика

        Математика

        6В06 Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар

        В057

        Ақпараттық технологиялар

        Математика

        Физика

        6В11 Қызмет көрсету

        В090

        Әлеуметтік жұмыс

        Биология

        География

        В091

        Туризм

        География

        Шетел тілі

        В092

        Тынығу

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

        Сізге бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда бір білім беру саласының ішінде төртке дейін білім беру бағдарламаларының тобын таңдау мүмкіндігі беріледі.

        Мысалы, «Математика» + «Физика» бейіндік пәндер комбинациясымен Сіз білім беру грантын тағайындау конкурсында «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салаларындағы:

        1) «Математика»;

        2) «Физика»;

        3) «Информатика»;

        4) «Ақпараттық жүйелер» сияқты білім беру бағдарламалары топтарын таңдай аласыз.

        Білім беру бағдарламалары топтарының тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған (https://testcenter.kz).

        Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісіндегі гранттар саны бекітілгеннен кейін жоғары оқу орындары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізіліміне сілтеме жасай отырып, ҚР БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында орналастырылатын болады.

        Қабылдау кезінде грант иегері бола отырып, білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын таңдайсыз.

        Мысалы, «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша грант иегері қабылдау кезінде «Химия» немесе «Химия-Биология» бойынша білім беру бағдарламасын таңдай алады.


      + Құжаттарды тапсыру мерзімі
      • 2023-2024 оқу жылының оқуға қабылдау мерзімдері

        Құжаттарды қабылдау және оқуға түсу үшін арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 тамызы аралығында жүзеге асырылады. 

        Шығармашылық емтиханға өтініш қабылдау мерзімі - күнтізбелік жылдың 20 маусым мен 7 шілде аралығы.

        Шығармашылық емтихандардың өті мерзімі - күнтізбелік жылдың 8-15 шілде аралығы.

        Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына тіркелу - күнтізбелік жылдың 13-20 шілде аралығы.

        Келісім-шарт негізде оқуға қабылдау  - күнтізбелік жылдың 20 маусым – 25 тамыз аралығы.


      Талапкерлерге арналған арнайы емтиханнан өту алгоритмі

      "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау және оқуға түсу үшін арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

      Оқуға түсуші арнайы және шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға (орынға) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі. Бұл ретте арнайы және шығармашылық емтихандар бейне және аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

      Шығармашылық емтихан нәтижелері

      Шығармашылық емтихан нәтижесін алу үшін сілтеме басыңыз

      Байланыстар