КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІ

    • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанынан ашылған Күміс университеті – 65 жастан асқан тұлғалардың жан-жақты дамуына бағытталған шығармашылық бағдарламаларды ұсынатын  жаңа қызмет түрі.

      МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

      Мақсаты  – белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ету.

      Міндеті:

      • қатысушылардың физикалық және рухани саулығын нығайту;
      • ішкі үйлесімділікті қалыптастыру;
      • цифрлы сауаттылықты дамыту;
      • әлеуметтік белсенділікті арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту.

      НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР

      1. Денсаулық және қауіпсіздік: салауатты өмір салты жүйесі, емдік дене шынықтыру / массаж, тамақтану мәдениеті.
      2. Психикалық денсаулық негіздері: тұлғалық даму психологиясы, балалармен және немерелермен қарым-қатынас.
      3. Арт терапия: бейнелеу өнері, музыкалық сергіту.
      4. Цифрлық сауаттылық: компьютерлермен және смартфондармен жұмыс, интернет желісіндегі қауіпсіздік.
      5. Лингво: Шетел тілі және мәдениеті.