Жобалар мен жарияланымдар

        • Тақырыбы: Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы ұлттық бренд негізінде меңгерту.

          Аннотация: Тіл білімі даму прогресінен өте келе, қазір адамның ішкі менталдық табиғаты мен ойлау механизмдеріне ойысты. Қазақ тіл білімінде тілдік зерттеулер танымдық деңгейге көтеріліп, оны меңгерту жолдарын ұлттық ерекшелігі, менталдық сипаты, ұлттық құндылықтары арқылы табуда. Бүкіл әлемдік пандемия жағдайына байланысты оқытудың онлайн форматы ерекше қарқынмен дами бастағандықтан, тілді меңгертудің әдіс-тәсілдерін де өзгертіп, онлайн жүйеге трансформациялаудың қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тілдің БАҚ, әлеуметтік желі, халықаралық коммуникацияда, қолданылуын жетілдіру міндеттелген. Ақпарат құралдарының, оның ішінде сандық ресурстардың дамуы қазақ тілін халықаралық деңгейге шығарып және ұлттық бренд арқылы мемлекетті танытып, елдің экономикасына да үлес қосу мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді.  Өз кезегінде қазақ тілін меңгерту Қазақстан аумағында ғана емес, аудиториясы кеңіп, шетелді де қамтитын болады.

          Жобаның мақсаты:

          Әлемдегі онлайн оқыту жүйесіндегі өзгерістерге байланысты тілді меңгертуді трансформациялау үшін «қазақ тілін ұлттық бренд негізінде сандық ресурстар арқылы оқытудың» кешенді жүйесін негіздеу, әзірлеу, тиімділігін тәжірибеде тексеру, сынақтан өткізу, білім беру тәжірибесіне енгізу және сандық ресурстарды пайдаланып әлемге тарату.         

          Жобаның міндеттері:

          • тілді интернет ресурстар арқылы оқытудың отандық және шетелдік озық технологиялары мен тәжірибелеріне талдау жүргізу;
          • бейнедәрістерге арналған сюжетті сценарийлер жазып, онлайн сабақтардың контентін даярлау және бейне сабақтар түсіру;
          • интернет ресурстарға дайындалған өнімдерді салу;
          • алынған өнімді коммерцияландыру;
          • жоба бойынша жүргізілген жұмыстарға статистикалық талдау жасау;
          • дәстүрлі қазақ тілін оқыту әдістемесін трансформациялап, оқу үдерісіне алынған нәтижелерді енгізу, авторлық құқығын қорғау.

          Күтілетін нәтижелер:

          • Scopus базасындағы халықаралық журналдарға 2 мақала;
          • РИНЦ импакт-факторлы ғылыми журналда 2 мақала;
          • БҒСБК ұсынған тізімдегі басылымдарға 4 мақала;
          • Алматы қаласы Мемлекеттік тілді дамыту институтының «КИЕ» лингвоелтану орталығының баспасынан «Саяхатпен оқиық» 1 оқу құралы шығарылады;
          • «Ұлттық бренд» электронды танымдық оқу құралына Қазақстаннан 2 авторлық куәлік алу көзделген;
          • іссапарлар, командировкалар,  Ресей және Туркия мемлекетіне барып тәжірибе алмасу және республикалық, халықаралық конференцияларға қатысып дәріптеу жүзеге асырылады;
          • ұлттық бренд танымдық-мұражай Google жинағына қосымша жасалады;
          •  «Taiqazan» атты виртуалды «Саяхатшы-оқулық» орыс, ағылшын тілдеріндегі субтитрымен және қазақ тілінің кирилл және латын әрпіне негізделген, Google Play Маркетке қосымша жасалады;
          • сюжетті бейне сабақтар (ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде) бойынша бір жылда – 48, үш жылда –  144 жарнамалық-маркетингтік бейне ролик жасалады. Әлеуметтік желідегі 1 миллионнан аса оқырманы бар блогерлер және таргеттің көмегімен жарнамаланады, статистикалық-сапалық нәтижесі шығарылады;
          • оқулық үшін 30 минуттық 15 сабақ - 450 минуттық бейне сабақтар (қазақ тілінде) түсіріледі;   
          •  «Ұлттық бренд арқылы оқыту – жаңа үлгі»  атты осы университетті бітіруші түлектерге арналған онлайн-семинар өткізіледі;
          • қазақ тілін оқытуды трансформациялап, жоба нәтижелерінен алынған әдіснамалық, әдістемелік қорытындылар оқу үдерісіне енгізіледі;
          • жоба бойынша магистрлік диссертация тақырыбы ұсынылып, қорғалады;
          • қыздар университетінің кафесінде бейне түсірілім үшін жасалған тағам және қолөнер бұйымдарын сатылымға шығарып, коммерцияландырылады;
          • ұлттық брендтерді негізге алып оқыту және сандық ресурс арқылы тілді меңгерту бойынша ақылы түрде біліктілікті арттыру курстары жүргізіледі.
        • Тақырыбы: Өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеуші жаңа тиімді отандық препараттардың синтезі, құрылымы және биологиялық қасиеттері.

          Аннотация: Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығында көшбасшысы болуы және ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту үшін: егіс алқаптарын ұлғайту; жаңа технологияларды енгізу есебінен өнімділіктің айтарлықтай өсуін қамтамасыз ету; мал шаруашылығының жем-шөп базасын құру үшін өзінің үлкен әлеуетін пайдалану керек. Осы мәселелерді шешу үшін дамыған елдерде ауылшаруашылық тәжірибесіне өсімдіктің өсуін реттегіштер (ӨӨР) белсенді түрде енгізілуде, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бүкіл әлемде ӨӨР қолдану агроөнеркәсіптік кешендегі прогрессивті технологиялар санатына жатады. Осы жоба шеңберінде дәнді дақылдар үшін өсімді реттейтін заттар ретінде препараттарды жасау мақсатында алициклді, хош иісті қатарлардың дитиокарбаматтары мен амидофосфаттарының жаңа молекулалық құрылымдарын синтездеу және оларды химиялық модификациялау, зерттелетін қосылыстар қатарындағы құрылымдық ерекшеліктер мен реактивтілікті зерделеу, олардың биологиялық белсенділігін зерттеу, оларды ауыл шаруашылығы практикасында пайдалану ұсынымдарын алу жоспарланып отыр. Жоба бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде органикалық химияның классикалық әдістері және жаңа биопрепараттардың дәнді дақылдардың өсуі мен дамуына әсерін бағалау бойынша стандартты биологиялық процедураларды пайдаланылатын болады. Алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушылары: ғылыми-зерттеу институттары, фермерлер, агрохолдингтер, шаруа қожалықтары.

          Мақсаты: Жаңа синтетикалық амидофосфаттар мен дитиокарбонат туындыларының құрылымын, реактивтілігін және құрылымдық ерекшеліктерін белгілеу, өсімдіктердің өсуі мен дамуының потенциалды реттеушілері ретінде олардың биологиялық қасиеттерін зерттеу саласында ұсақ органикалық синтездің теориясы мен тәжірибесін одан әрі дамыту.

          Жобаның міндеттері: өсімді ынталандыратын әсердің жаңа буынының биопрепараттарының синтезін әзірлеу; физика-химиялық деректер негізінде синтезделген биопрепараттардың құрылымы мен қасиеттерін белгілеу; зертханалық және далалық жағдайларда биологиялық белсенділікке синтезделген биопрепараттарды сынау болып табылады.

          Күтілетін нәтиже: Фенилацетилен негізіндегі жаңа дитиокарбаматтарды, сонымен қатар алициклды және ароматты қатардағы амидофосфаттар мен диамидофосфаттарды синтездеу әдістерінің оңтайлы шарттарын зерттеу; алынған мәліметтер негізінде жаңа синтезделген препараттардың құрылымы мен биологиялық белсенділігін анықтау.

        • Тақырыбы:  Музыкалық-педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту және жаңарту жағдайында бәсекеге қабілетті музыка мұғалімдерін даярлау

          Аннотация: Қазақстан Республикасының білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және педагогикалық қоғамдастықтың алдына қойылған Қазақстандық білім беруді жаңғырту міндеті бүгінгі таңда ерекше маңызға және өзектілікке ие болды. Бағдарламада атап өтілгендей, кәсіптік білім берудің және білім беру бағдарламаларының жаңа стандарттарын жаңарту және әзірлеу педагогикалық кәсіптің жоғары мәртебесін нақты қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Баса назар аударатын жағдай, бүкіл білім беру жүйесіне әсер еткен оқыту технологияларын реформалау процестері қазіргі заманғы орта білім беретін  мекемелер талап ететін құзыретті музыка мұғалімдерін даярлауға бағытталған музыкалық білім беру жүйесіне де әсер етті. Музыка мұғалімі керемет музыкант, сондай-ақ өскелең ұрпақты қоршаған әлемге моральдық-эстетикалық көзқараста тәрбиелеудегі маңыздылығын түсінетін мұғалім болуы керек.

          Мақсаты: Музыкалық білім беру саласындағы ұлттық және халықаралық басымдықтарға сәйкес отандық музыкалық білім беру жүйесін жаңғыртуды және жаңартуды, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығы жағдайында бәсекеге қабілетті және құзыретті музыка мұғалімдерін даярлауды қамтамасыз ететін оқытудың басым технологияларын, бағыттарын, мазмұнын, құралдары мен әдістерін зерттеу және ғылыми негіздеу.

          Міндеттері: 

          • 6В01401-Музыкалық білім беру мамандығы бойынша педагог кадрларды даярлаудың заманауи мәселелерінің өзекті бағыттарын зерттеу және анықтау.
          • Ғылыми жоба тақырыбы бойынша тиісті әдебиеттерді зерделеу және талдау.
          • "Музыкалық білім беру" мамандығы бойынша болашақ музыка мұғалімдерін даярлаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу.
          • Дәлелденген педагогикалық жетістіктері бар, музыка сабақтарында педагогикалық процесті жетілдірудің, жаңғыртудың тиімді жолдарын табатын «Үздік музыка мұғалімдерінің» озық педагогикалық тәжірибесін айқындау, зерделеу және тарату.

          Күтілетін нәтиже: Ұсынылған жоба Музыкалық білім беру, жоғары оқу орындарында, арнаулы орта оқу орындарында (колледж, училище) студенттерді тәрбиелеу және оқыту мәселелерімен айналысатын барлық мамандар үшін ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады. Зерттеу ғылыми қызметкерлерге өз еңбектерінде ғылыми материал ретінде бәсекеге қабілетті және құзыретті музыка мұғалімдерін даярлау жүйесі мен мазмұнын пайдалануға мүмкіндік беретін негізделген нәтижелерді сипаттайды. Зерттеу процесінде өзінің тиімділігін растаған практикалық материалдар, әдістемелер мен оқыту технологиялары ұсынылатын болады

        • Тақырыбы: «Есту қабілеті зақымдалған балаларға инклюзивті білім беру үшін үйретуші мобильді қосымшалар  әзірлеу»

          Aннотация: Инклюзивті білім беру мекемелерінде есту қабілеті бұзылған балаларды  оқыту кезінде көптеген қиындықтар кездесетіні сөзсіз.  Осы қиындықтармен жұмыс жасау кезінде педагогтар түрлі әдістемелер мен технологияларды пайдаланып сабақтарын тиімді өткізуге тырысады. Есту қабілеті бар балалармен бірге топтық сабақтар баланың коммуникативті қабілеттерін дамытуға және сөйлеу қорын байытуға бағытталады. Кейде берілген тапсырманың мағынасын бала түсінбеуі мүмкін, нәтижесінде тапсырманың орындалу қарқыны мен оның өнімділігі айтарлықтай төмендейді. Сондықтан нашар еститін оқушылар үшін оқулықтардағы үлкен көлемді мәтіндерді меңгеру айтарлықтай қиындық тудырады, өйткені естімейтін оқушылардың сөздік қоры олардың еститін сыныптастарының сөздік қорына сәйкес келмейді. Осы сәйкессіздікті болдырмау мақсатында қазіргі кезде инклюзивті білім беруде, әсіресе есту мен сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды оқытуда цифрлық технологиялар көбірек пайдаланылуда. Балалар ересек адамдарға қарағанда цифрлық технологияларды салыстырмалы түрде тез игереді. Сондықтан цифрлық технологияларды сабақ барысында және оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану олардың дамуына едәуір ықпалын тигізеді. Тәжірибемізден байқағанымыздай сабақта мультимедиялық презентациялар қолданылса, балалардың сабаққа деген қызығушылығы және танымдық қабілеттерінің деңгейі одан әрі артады. Сондықтан есту қабілеті зақымдалған балаларға инклюзивті білім беруде түрлі анимациялық және көркемделген бейнелермен толықтырылған үйретуші мобильдік қосымшалардың пайдасы зор.

          Мақсаты: Инклюзивті білім беру кезінде есту қабілеті зақымдалған балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыратын және инклюзивті ортада қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға болатын үйретуші мобильді қосымшаларды әзірлеу.

          Міндеттері:

          • инклюзивті білім беру бағытын, оның ішінде  есту қабілеті зақымдалған тұлғалар туралы зерттеген шетелдік және отандық ғалымдардың жұмыстарына талдау жасау және зерттеу;
          • есту қабілеті зақымдалған, әсіресе есту мүмкіндігі толық шектелген балалардың танымдық даму қабілетін арттыруда қолданылатын цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау;
          • есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған әдістемелермен танысып, инклюзивті білім беру ортасына арналған мобильдік қосымшалар жасау үшін, оның алгоритмін және моделін құрастыру;
          • есту мүмкіндігі шектелген балаларға сабақ барысында берілген ақпаратты дұрыс меңгеруіне және қызығушылықтарын арттыруына арналған, сонымен қатар инклюзивті ортамен қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланатын мобильді қосымшалар жасау.

          Күтілетін нәтижелер: Есту қабілеті зақымдалған балаларға инклюзивті білім беруге арналған мобильді қосымшаны жасау үшін қолданыста жүрген арнайы білім беруге бағытталған компьютерлік программалар мен олардың қолжетімділігі зерттеледі

        • Тақырыбы: «Балапан» телеарнасындағы бағдарламалардың (2017-2024 жж.) әдеби тіл нормасына сәйкестігін мониторингілеудің теориясы мен тәжірибесі 

          Аннотация:  Ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің, нарықтық қатынастың, шетелдермен экономикалық байланыстың қарқын алған кезінде лингвистер тілдің нормадан ауытқымауын қадағалау керек. Қоғамдағы өзгерістер халықтың ауызекі тіліне ғана емес, әдеби тілге де өзгеріс әкеліп жатқанда, әдеби тілдің нормасын сақтап қалу, тілдің түпнұсқалық принципін ұстанудың қажеттілігіне көз жеткізеді. Тілді мұра етіп алып қалатын – жас буын, өсіп келе жатқан ұрпақ. Олардың тілін дамытатын көркем шығармалардың орнын интернет пен теледидар алмастырғаны белгілі. Қазақстандық балалардың көпшілігі теледидардағы «Балапан» арнасын көреді. Сондықтан «Балапан» арнасы бағдарламаларының тілін зерттеу, тіл нормасын бұзатын морфонологиялық, лексика-семантикалық, дискурстық деңгейдегі бұзылыстарды қалыптандыру, оны нормалауды қолға алу – өзекті мәселе. 

          Мақсаты: Қазақстанның түкпір-түкпіріне жүйелі түрде ақпарат тарататын, қазақтілді балаларға арналған «Балапан» арнасы зерттеу нысанына алынып, ондағы бағдарламалардың тілінің әдеби нормаға сәйкестігін айқындау, нормадан ауытқушылықтарды анықтау нәтижесінде балалар тіліне ыңғайландырылған әдеби тіл нормасын сақтаудың нұсқаулығын жасау, морфонологиялық, лексика-семантикалық, дискурстық деңгейдегі тіл нормасын бұзатын құрылымдарды мониторингілеу және қалыптандыру көзделеді. 

          Жобаның міндеттері:  

          • «Балапан» телеарнасы бағдарламаларының мәтіндерін топтастыру, саралау, жүйелеу. 
          • Балапан телеарнасындағы бағдарламалар мәтіндерін әдеби тілдік нормаға сәйкестендірудің морфонологиялық деңгейін саралау; 
          • Балапан телеарнасындағы бағдарламалар мәтіндерін әдеби тілдік нормаға сәйкестендірудің лексика-семантикалық деңгейін саралау; 
          • Дайын сценарийлердегі дискурсішілік сөйлеу актілері арасындағы мазмұндық-мағыналық байланыстарды анықтау және әдеби-тілдік нормамен сәйкестендіру.  
          • Тәжірибе жүзінде тексерудің нәтижелерін қолданысқа енгізу.

          Күтілетін нәтиже:  «Балапан» арнасындағы бағдарламалар тілінің әдеби нормаға сәйкестігі айқындалады, нормадан ауытқушылықтар анықталып, нәтижесінде балалар тіліне ыңғайландырылған әдеби тіл нормасын сақтаудың нұсқаулығы жасалады. Тіл нормасын бұзатын морфонологиялық, лексика-семантикалық, дискурстық деңгейдегі бұзылыстар қалыптандыру үшін зерттеу және тәжірибелік жұмыстар жасалады.

        • Тақырыбы: “Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы гендерлік білімнің ғылыми концепциясы: теориялық -методологиялық негіздері”.

          Аннотация: Жоба идеясы қазіргі Қазақстандағы гендерлік білім беру мазмұнының пәнаралық аспектісін зерттей отырып, ғылыми концепциясын жасауға негізделген. Гендерлік білім мазмұнындағы тіл мен әдебиеттің, мәдени-тарихи құбылыстардың көрінісін айқындау, гендерлік білімнің саяси, тарихи, әлеуметтік, экономикалық аспектісін анықтау-әлеуметтік гуманитарлық бағыттағы білім берудің  теориялық және әдіснамалық негіздерін дамыту қажеттілігімен байланысты. Жобаны іске асыру пәнаралық байланыста білім берудің ғылыми теориясын жетілдіруге, сол арқылы қоғамдағы гендерлік сана мен гендерлік қатынастың жаңа үлгісінің жасалуына, гендерлік қатынастардың жаңа парадигмасының пайда болуына мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру барысында Қазақстандағы гуманитарлық білім саласындағы тағы бір жаңа бағыттың ғылыми тұрғыда негізі қаланады.

          Мақсаты: Жобаның мақсаты - Қазақстан жоғары оқу орындарындағы гендерлік пәндердің мазмұнын пәнаралық аспектіде зерттеу, гуманитарлық саладағы бағыттарының өзара байланысын саралап, жүйелеу. Әлемдегі гендерлік білім берудің  теориялық тәсілдерін салыстыра отырып, Қазақстандағы гендерлік білім берудің ғылыми концепциясын әзірлеп, оқыту тұжырымдамасын дайындау, гендерлік білім беру модулін (тіл, тарих, әдебиет, социология, экономика бағыттары) ұсыну.

          Міндеттері:

          • Жаңа гуманитарлық білімнің негізін тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасындағы гендерлік білім беруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың мазмұнын саралап,  гендерлік білім берудің негізгі принциптерін анықтау; 
          • білім берудегі пәндердің өзара ықпалдастылығын зерттеу үшін Қазақстандағы білім беру құжаттарындағы пәнаралық байланыстар мазмұнына ғылыми сараптама жасау;
          • Қазақстандағы гендерлік білімнің пайда болуының тарихын көрсету мақсатында білім ошақтарындағы пәндердің жүргізілуіне хронологиялық зерттеулер жүргізу;
          • гендерлік білім мазмұнындағы пәнарлық байланыстарды анықтау мақсатында оқу бағдарламалары мен силлабустардың мазмұнына ғылыми әдістемелік сараптама жасау, SWOT талдау жүргізу;

          Күтілетін нәтижелер:

          • Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу;
          • ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 6 (алты) мақала немесе шолу;
          • немесе Science Citation Index Expanded индекстелетін және Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала немесе мақала;
          • немесе Web of Science базасындағы Arts and Humanities Citation Index индекстелетін рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу;
          • ҚР ЖОО -ндағы гендерлік пәндер базасы жасалады.
      • Университет бойынша 2018-2020жж. орындалған ғылыми жобалар

        Жоба атауы

        Ғылыми жетекшісі

        1

        Мультиферроиктер класындағы жаңа кристалдық жүйелерді жасау және физикалық негіздері

        М.М.Матаев

        2

        Азоттың  кобальт оксидінің катализдік активтілігіне ықпалын алғашқы қағидалардан зерттеу

        Г.А.Қаптағай

        3

        Латын графикасына өтуге байланысты интерактивті үйретуші бағдарламалар жасаудың лингвистикалық негіздері мен мультимедиялық технологиялары

        Г.И.Салғараева

        4

        Жаһандандыру жағдайындағы Қазақстанның БАҚ-ы және олардың рухани жаңғыруға тигізетін ықпалы (лингвистикалық аспект)

        В.И.Жұмағұлова


      • Ғылыми жарияланымдар

        09.09.2020ж. жағдай бойынша, Web of Scienceте 101 құжат индекстелген, оның авторлары арасында ҚазҰКПУ-дың 108 оқытушысы мен докторанты бар.

        Scopus базасында 258 мақала индекстелген, олардың авторлары - университеттің 231 оқытушысы мен білім алушылары.

        Кесте. Web of Science және Scopus индекстелген жарияланымдар

        Аффилиацииялар:

        • Kazakh National Women’s Teacher Training University,
        • Kazakh State Women’s Teacher Training University,
        • Kazakh State Women’s Pedagogical University,
        • Kazakh National Women’s Pedagogical University

        База

        2004

        2008

        2013

        2014

        2015

        2016

        2017

        2018

        2019

        2020.09.09

        БАРЛЫҒЫ

        Web of Science

        1

        -

        1

        6

        10

        6

        17

        23

        26

        11

        101

        Scopus

        1

        1

        18

        32

        20

        36

        42

        56

        37

        15

        258


      • Web of Science и SCOPUS басылымдарындағы жарияланымдардың авторларын құттықтаймыз!

        Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру  және Ғылыми баспа  бөлімдері 2020 жылы  Web of Science және  SCOPUS базалармен индекстелген  журналдарда ғылыми мақалалары жарияланған төмендегідей оқытушылар мен докторанттарды шын жүректен құттықтайды. 

        Профессорлық-оқытушылық құрам:

        Химия кафедрасы

        1. Б.Ж. Джиембаев – х.ғ. д., химия  кафедрасының  профессоры
        2. М.М. Матаев - х.ғ.д., химия  кафедрасының  профессоры
        3. Н.О. Мырзахметова - х.ғ.д., доцент, химия  кафедрасының  меңгерушісі

        Докторанттар

        1. К.А.Досжанова
        2. Л.К.Искак
        3. А.Куандыкова
        4. И.С.Сапарбекова
        5. К.З. Сейтбекова
        6. В.Тотхускызы

        Биология кафедрасы 

        1. А.А. Мауи - б.ғ.д., биология кафедрасының  профессоры
        2. Л.Е. Ануарова   -  б.ғ.к., биология кафедрасының  профессоры

        Физика кафедрасы

        1. А.М. Татенов – ф-м.ғ. д., физика кафедрасының  профессоры  
        2. Г.А. Каптагай  –  PhD, физика кафедрасының аға оқытушысы
        3. Н.З. Заурбекова  -  п.ғ.к., физика кафедрасының қауымдастырылған  профессоры
        4. Н.А. Сандибаева  –  п.ғ.к., физика кафедрасының  қауымдастырылған профессоры  м.а.
        5. Л.С. Байкадамова – физика кафедрасының аға оқытушысы
        6. М.Н. Акынов – физика кафедрасының оқытушысы

        Математика кафедрасы

        1. Э.А. Бакирова – ф-м.ғ.к., математика кафедрасының қауымдастырылған  профессоры

        Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы

        1. С.Н. Жиенбаева  –  п.ғ.д., мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының  профессоры
        2. А.М. Жубандыкова  –  п.ғ.к., мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының  қауымдастырылған  профессоры
        3. Б.О. Арзанбаева – п.ғ.к., доцент, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының  қауымдастырылған  профессоры
        4. А.Б. Елькеева  - п.ғ.к., доцент,  мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының  қауымдастырылған  профессоры
        5. Р.А. Набуова  -  п.ғ.к., мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының  қауымдастырылған  профессоры
        6. Ш.Н. Альдибекова – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы
        7. А.Д. Кариев – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының  аға оқытушысы

          Жалпы  педагогика каферасы

        1. Д. К. Садирбекова -  жалпы  педагогика каферасының аға оқытушысы

        Қазақ тілі білімі  теориясы  және  методикасы кафедрасы

        1. Т.Н. Ермекова - ф.ғ.д., қазақ тілі білімі  теориясы  және  методикасы  кафедрасының профессоры
        2. А.А. Сатбекова–  ф.ғ.д., қазақ тілі білімі  теориясы  және  методикасы  кафедрасының профессоры
        3. Г.Б. Шойбекова -  ф.ғ.к., қазақ тілі білімі  теориясы  және  методикасы  кафедрасының қауымдастырылған профессоры  
        4. С.А. Оданова  –  ф.ғ.к., қазақ тілі білімі теориясы және  методикасы  кафедрасының қауымдастырылған  профессоры

        Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы

        1. В.И. Жумагулова – ф.ғ.д., орыс тілі және әдебиеті кафедрасының  профессоры
        2. Г.А. Орынханова - ф.ғ.д., орыс тілі және әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған  профессоры  м.а.
        3. Г.А.  Кажигалиева –  ф.ғ.к., орыс тілі және әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған  профессоры  м.а.
        4. Э.М. Ханкишиева  -  ф.ғ.к., орыс тілі және әдебиеті кафедрасының  меңгерушісі
        5. А.А. Задаева– докторант, орыс тілі және әдебиеті кафедрасының  аға оқытушысы
        6. К.И. Исаметова – орыс тілі және әдебиеті кафедрасының  аға оқытушысы

        Тарих кафедрасы

        1. Е.Б. Берлибаев  -  т.ғ.к., тарих кафедрасының қауымдастырылған  профессоры
        2. А.И. Исаева  –  т.ғ.к., тарих кафедрасының қауымдастырылған  профессоры 

        Менеджмент  және құқық негіздері  кафедрасы

        1. Ш.З. Заманбеков  -  э.ғ.д., менеджмент  және құқық негіздері кафедрасының профессоры
        2. С.Т. Ыбышова  –  т.ғ.к., менеджмент  және құқық негіздері кафедрасының меңгерушісі
        3. А. Б. Бильдебаева –  э.ғ.к., менеджмент  және құқық негіздері  кафедрасының қауымдастырылған  профессоры

        Музыка кафедрасы

        1. А.Б. Муканова -  музыка кафедрасының  аға оқытушысы

        Хореография және мәдени тынығу кафедрасы

        1. Л. А. Аманкулова  - хореография және мәдени тынығу кафедрасының аға оқытушысы

        Кітапханатану ісі және библиография кафедрасы

        1. Г.И. Нуржанова – т.ғ.к., кітапханатану ісі және библиография каферасының меңгерушісі

      • 01.10.2020 жылғы жағдай бойынша ҚазҰлтҚызПУ профессорлық-оқытушылық құрамының Web of Science базасындағы 2020 жылғы жарияланымдары

        Авторлар

        Мақала атаулары

        Шыққаны туралы мәліметтер

        1.  

        Patrin, G. S.Mataev, M. M.Seitbekova, K. Zh.; Shiyan, YG (Shiyan, Ya. G.)[ 1,2 ] ; Yarikov, SA (Yarikov, S. A.)[ 1,2 ] ; Zharkov, SM (Zharkov, S. M.)[ 1,2 ]

        Magnetic and Resonance Properties of the Y(0.5)Sr(0.5)Cr(0.5)Mn(0.5)O(3)Polycrystal

        PHYSICS OF THE SOLID STATE   Том:  62   Выпуск:  8   Стр.:  1350-1354   Опубликовано:  AUG 2020

        1.  

        Tokhtabayeva, S (Tokhtabayeva, S.)[ 1 ] ; Meirmanova, G (Meirmanova, G.)[ 2 ] ; Zhumabayeva, A (Zhumabayeva, A.)[ 1,3,4 ] ; Bolatbek, B (Bolatbek, B.)[ 4 ] ; Berlibayev, E (Berlibayev, E.)[ 5 ]

        Good wishes of the Kazakh people: the ethnographic aspect

        VOPROSY ISTORII

        Выпуск: 7

        Стр.: 131-145

        DOI: 10.31166/VoprosyIstorii202007Statyi10

        Опубликовано: 2020

        Тип документа:Article

        1.  

        Zamanbekov, S (Zamanbekov, Shuakhbay)[ 1 ] ; Dogalov, A (Dogalov, Amangeldy)[ 2 ] ; Zamanbekov, D (Zamanbekov, Darkhan)[ 3 ] ; Bildebayeva, A (Bildebayeva, Aigul)[ 1 ] ; Cheirkhanova, A (Cheirkhanova, Almagul)[ 4 ] ; Bakirbekova, A (Bakirbekova, Aigul)[ 2 ] ; Sikhimbayeva, B (Sikhimbayeva, Bakytkul)[ 1 ]

        Regional development of small and midsize businesses in the conditions of forming of innovative economy of Kazakhstan: a case study

        ENTREPRENEURSHIP AND SUSTAINABILITY ISSUES

        Том: 8 Выпуск: 1 Стр.: 618-639

        DOI: 10.9770/jesi.2020.8.1(43)

        Опубликовано: SEP 2020

        Тип документа: Article

        1.  

        Imanbayev, K (Imanbayev, Kairat)[ 1 ] ; Sinchev, B (Sinchev, Bakhtgerey)[ 2 ] ; Sibanbayeva, S (Sibanbayeva, Saulet)[ 3 ] ; Mukhanova, A (Mukhanova, Axulu)[ 1 ] ; Nurgulzhanova, A (Nurgulzhanova, Assel)[ 4 ] ; Zaurbekov, N (Zaurbekov, Nurgali)[ 5 ] ; Zaurbekova, N (Zaurbekova, Nurbike)[ 6 ] ; Korolyova, NV (Korolyova, Natalya, V)[ 3 ] ; Baibolova, L (Baibolova, Lyazzat)[ 1 ]

        Analysis and mathematical modeling of big data processing

        PEER-TO-PEER NETWORKING AND APPLICATIONS

        DOI: 10.1007/s12083-020-00978-3

        Ранний доступ: AUG 2020

        1.  

        Smolobochkin, AV (Smolobochkin, A. V.)[ 1 ] ; Gazizov, AS (Gazizov, A. S.)[ 1 ] ; Doszhanova, KA (Doszhanova, K. A.)[ 2 ] ; Kuandykova, AB (Kuandykova, A. B.)[ 2 ] ; Jiyembayev, BZ (Jiyembayev, B. Zh.)[ 2 ] ; Burilov, AR (Burilov, A. R.)[ 1 ] ; Pudovik, MA (Pudovik, M. A.)[ 1 ] ; Cherkasov, RA (Cherkasov, R. A.)[ 3 ]

        Synthesis of New alpha-Aminophosphonates Based on Cyclohexylamine

        RUSSIAN JOURNAL OF GENERAL CHEMISTRY

        Том: 90 Выпуск: 6 Стр.: 1100-1103

        DOI: 10.1134/S1070363220060274

        Опубликовано: JUN 2020

        Тип документа:Article

        1.  

        Abykanova, BakytgulBilyalova, ZhuparTashkeyeva, Gulmira;  Aldibekova, S (Aldibekova, Sholpan)[ 3 ] ; Nugumanova, S (Nugumanova, Samal)[ 4 ] ; Dautkulova, A (Dautkulova, Akmaral)[ 5 ] ; Shakibayeva, A (Shakibayeva, Aigul)[ 6 ] ; Kubekova, S (Kubekova, Samal)[ 6 ]

        PROFESSIONAL COMPETENCIES AND METHODS FOR THEIR FORMATION IN THE UNIVERSITY

        AD ALTA-JOURNAL OF INTERDISCIPLINARY RESEARCH   

        Том: 10   Выпуск: 1   Специальный выпуск: 10   Стр.: 59-62   Опубликовано: 2020

        1.  

        Abykanova, B (Abykanova, Bakytgul)[ 1 ] ; Kussainov, GM (Kussainov, Gabit Muckanaevich)[ 2 ] ; Mukhametkaly, MM (Mukhametkaly, Manshuk Mukhametkalykizi)[ 3 ] ; Saparova, G (Saparova, Gulnara)[ 4 ] ; Utenova, B (Utenova, Balbupe)[ 5 ] ; Shuakbayeva, RS (Shuakbayeva, Rakhat Sarsengalievna)[ 6 ] ; Nugumanova, S (Nugumanova, Samal)[ 7 ] ; Kariyev, AD (Kariyev, Adlet Dyusembaevich)[ 8 ]

        FORMATION OF COMMUNICATIVE COMPETENCE OF STUDENTS IN THE INFORMATION EDUCATIONAL ENVIRONMENT OF AN URBAN SCHOOL

        AD ALTA-JOURNAL OF INTERDISCIPLINARY RESEARCH

        Том: 10 Выпуск: 1 Стр.: 89-92

         Специальный выпуск: 10

        Опубликовано:‏ 2020

        Тип документа:Article

        1.  

        Kussainov, GM (Kussainov, Gabit Muckanaevich)[ 1 ] ; Abdol, ED (Abdol, Eleonora D.)[ 2 ] ; Mukhambetov, Z (Mukhambetov, Zhomart)[ 2 ] ; Mukhametkaly, MM (Mukhametkaly, Manshuk Mukhametkalykizi)[ 3 ] ; Sadirbekova, D (Sadirbekova, Dinara)[ 4 ] ; Shakhtybayeva, ZT (Shakhtybayeva, Zhaina Talgatovna)[ 5 ] ; Seidakhmetov, M (Seidakhmetov, Marat)[ 6 ] ; Nishanbayeva, S (Nishanbayeva, Sabira)[ 7 ]

        INFORMATION TECHNOLOGIES AS A DETERMINING FACTOR OF DEVELOPMENT OF OBJECTS OF SOCIAL-INFRASTRUCTURAL CENTERS OF THE REGION

        AD ALTA-JOURNAL OF INTERDISCIPLINARY RESEARCH

        Том: 10 Выпуск: 1 Стр.: 97-99

         Специальный выпуск: 10 Опубликовано:‏ 2020

        Тип документа:Article

        1.  

        Sadyrova, GulbanuSadyrov, GaniZhamilova, Saule; с соавторами.

        Comparative Analysis of the Flora of the Ketpen-Temerlik in Kazakhstan and China (Northern Tian Shan)

        JOURNAL OF ECOLOGICAL ENGINEERING   Том: 21   Выпуск: 4   Стр.: 70-81   Опубликовано: MAY 2020

        1.  

        Kaptagay, G. A.Inerbaev, T. M.Akilbekov, A. T.;  Koilyk, NO (Koilyk, N. O.)[ 4 ] ; Abuova, AU (Abuova, A. U.)[ 3 ] ; Sandibaeva, NA (Sandibaeva, N. A.)[ 1 ]

        First principles modelling of the N-doped Co-0.5-terminated (001) Co3O4 surface

        NUCLEAR INSTRUMENTS & METHODS IN PHYSICS RESEARCH SECTION B-BEAM INTERACTIONS WITH MATERIALS AND ATOMS   Том: 465   Стр.: 11-14   Опубликовано: FEB 15 2020

        1.  

        Assanova, A. T.Bakirova, E. A.Kadirbayeva, Zh M.

        Numerical Solution to a Control Problem for Integro-Differential Equations

        COMPUTATIONAL MATHEMATICS AND MATHEMATICAL PHYSICS   Том: 60   Выпуск: 2   Стр.: 203-221   Опубликовано: FEB 2020

        1.  

        Totkhuskyzy, B (Totkhuskyzy, B.)[ 1 ] ; Yskak, LK (Yskak, L. K.)[ 1 ] ; Saparbekova, IS (Saparbekova, I. S.)[ 1 ] ; Myrzakhmetova, NO (Myrzakhmetova, N. O.)[ 1 ] ; Jumadilov, TK (Jumadilov, T. K.)[ 2 ] ; Grazulevicius, JV (Grazulevicius, J., V)[ 3 ]

        Features of the extraction of yttrium and lanthanum with an intergel system based on hydrogels of polyacrylic acid and poly-4-vinylpyridine

        BULLETIN OF THE UNIVERSITY OF KARAGANDA-CHEMISTRY

        Выпуск: 97 Стр.: 60-67

        DOI: 10.31489/2020Ch1/60-67

        Опубликовано:‏ 2020

        Тип документа:Article

        1.  

        Tatenov, AM (Tatenov, A. M.)[ 1 ] ; Bugubaev, BS (Bugubaev, B. S.)[ 2 ] ; Shilipko, VV (Shilipko, V. V.)[ 2 ] ; Akynov, MN (Akynov, M. N.)[ 1 ] ; Baikadamova, LS (Baikadamova, L. S.)[ 1 ]

        EXPERIMENTAL RESEARCHES OF JUMP-SHAPED CHANGES OF CURRENT AND VOLTAGE IN TRANSIENT SWITCHING CIRCUITS OF AC GENERATION

        NEWS OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN-SERIES PHYSICO-MATHEMATICAL

        Том: 2 Выпуск: 330 Стр.: 80-87

        DOI: 10.32014/2020.2518-1726.18

        Опубликовано:‏ MAR-APR 2020

        Тип документа:Article

        01.10.2020 жылғы жағдай бойынша ҚазҰлтҚызПУ профессорлық-оқытушылық құрамының SCOPUS базасындағы 2020 жылғы жарияланымдары

        Авторлар

        Мақала атаулары

        Шыққаны туралы мәліметтер

        1.  

        Patrin, G.S.a,b, Mataev, M.M.c, Seitbekova, K.Z.c, Shiyan, Y.G.a,b,Yarikov, S.A.a,b, Zharkov, S.M.a,b

        Magnetic and Resonance Properties of the Y0.5Sr0.5Cr0.5Mn0.5O3 Polycrystal

        Physics of the Solid StateVolume 62, Issue 8, 1 August 2020, Pages 1350-1354

        Конец формы

        1.  

        Smolobochkin, A.V., Gazizov, A.S., Doszhanova, K.A., Kuandykova, A.B., Jiyembayev, B. Zh., Burilov, A.R., Pudovik, M.A., Cherkasov, R.A.

        Synthesis of New α-Aminophosphonates Based on Cyclohexylamine 

        Russian Journal of General Chemistry

        90(6), с. 1100-1103

        1.  

        Serikbayeva, A., Berdikulova, F., Zhumakynbay, N., Zheksenbek, T., , Ismailova, A., Myrzakhmetova, N.

        On the sulphidation of anthropogenic copper raw materials with elemental sulfur 

        Journal of Chemical Technology and Metallurgy. 55, 1, 2020, 228-232

        1.  

        Ospanova, A., Anuarova, L., Shapalov, S., Gabdulkhayeva, B., Kabieva,S., Baidalinova, B., Maui, A.

        Fungal pathogens found in tissues of herbaceous plants growing in the Yereymentau District, Akmola region

        Saudi Journal of Biological Sciences. 2020

        1.  

        Imanbayev, K.a,Sinchev, B.b Sibanbayeva, S.c, Mukhanova, A.a, Nurgulzhanovа, A.d, Zaurbekov, N.e, Zaurbekova, N.f, Korolyova, N.V.c, Baibolova, L.a 

        Analysis and mathematical modeling of big data processing

        Peer-to-Peer Networking and Applications

        1.  

        Kaptagay, G.A., Inerbaev, T.M., Akilbekov, A.T., Koilyk, N.O., Abuova, A.U., Sandibaeva, N.A.

        First principles modelling of the N-doped Co0.5-terminated (0 0 1) Co3O4 surface

        Nuclear Instruments and Methods in Physics Research, Section B: Beam Interactions with Materials and Atoms    465, с. 11-14

        1.  

        Assanova, A.T., Bakirova, E.A., Kadirbayeva, Z.M.

        Numerical Solution to a Control Problem for Integro-Differential Equations

        Computational Mathematics and Mathematical Physics 60(2), с. 203-221

        1.  

        Kalybayeva, K., Odanova, S., Tymbolova, A., Erchozhina, S., Musayeva, G.

        Cognitive linguistic analyses of the phraseological units in modern linguistics

        XLinguae 13(2), с. 216-224

        1.  

        Shoibekova, G., Yermekova, T., Satbekova, A.A., Odanova, S., Malik, M.

        Latin borrowings as a linguistic problem: approaches, reasons, typology

        XLinguae 13(2), с. 149 – 156

        1.  

        Nurzhanova, A., Beissembayeva, S., Ospanova, B., Orazbekova, Z., Satbekova, A.

        Teaching Kazakh language as a foreign language by the blended learning model

         Opcion 36(91), с. 477-490

        1.  

        Nurgaliyeva, A.a,Sametova, F.b, Orynkhanova, G.b,Kolyeva, N.c,Vedilina, Y.a,Sakenov, J.a,Lyuft, A.a

        On the formation of professional competence of future social pedagogues

        International Journal of Advanced Research in Engineering and Technology, 2020, 11(3), с. 268-275

        1.  

        Zhumagulova, V.I., Kazhigalieva, G.A., Khankishiyeva, E.M., Orynkhanova, G.A., Zadayeva, A.A.

        The concept of people and new ideological concepts in Kazakhstan`s media

        Opcion 36(91), с. 601-621

        1.  

        Shokhayeva, K., Zhunissova, M., Orynkhanova, G., Zhunissova, J.

        Linguistic and communicative aspects of argumentation in the business field of communication

        Opcion 36(91), с. 684-701

        1.  

        Orynkhanova, G., N.nurlanova, A., K.sabyrbaeva, R., Amankulova, L.A., Tolegenov, T.

        The metaphoric conception of national character in Abay Kunanbayev’s works

        Opcion, 2020, 36(91), с. 622-638

        1.  

        Abdiyeva, G., Orynkhanova, G., Shaibakova, D., Uisinbayeva, Y., Mukhanova, M.

        Linguacultural types of personalities: Leader, authority

        Opcion, 2020, 36(91), с. 639-651

        1.  

        Zhubandykova, A., Zhiyenbayeva, S., Arzanbayeva, B.,  Yelkeyeva, A.a, Nabuova, R.a, Issayeva, A.a, Sakenov, J.b, Lyuft, A., Shakhazhanov, G.

        Increasing the level of education at the university: Technology and control

        Journal of Advanced Research in Dynamical and Control SystemsVolume 12, Issue 3 Special Issue, 2020, Pages 174-180

        1.  

        Aitenova, E.a, Abayeva, G.b, Orazakynkyzy, F.c, Kassymova, R.c, Mukhametkalieva, G.c

        Professional educational training of French linguistics teachers in Kazakhstan and France (Article)(Открытый доступ)

        XLinguae Volume 13, Issue 1, 2020, Pages 86-94

        1.  

        Sadyrova, G., Sadyrov, G., Zhamilova, S., (...), Dauletbaeva, M., Urymbayeva, A.

        Comparative analysis of the flora of the ketpen-temerlik in kazakhstan and China (northern Tian Shan)

        Journal of Ecological Engineering (Poland) 21(4), с. 70-81

        1.  

        Tleubay, S.a,Nurzhanova, G.b, Ybyshova, S.b, Abdigulova, S.a,Mankesh, A.a, Kerimbekov, T.a, Ualikhanuly, A.c

        The formation of intercultural communicative competence of future teachers in a trilingual educational environment(Article)(Открытый доступ)

        International Journal of Emerging Technologies in Learning Volume 15, Issue 17, 2020, Pages 148-164

        1.  

        Sabirova, A.S., Mukanova, A.B., Issametova, K.I., Sultanova, M.E., Yergalieva, A.T.

        The effect of ancient totemic beliefs on the Kazakh traditional singing

        Opcion 36(Special Edition 27), с. 150-168