Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жастардың жан-жақты дамуына креативті, бәсекеге қабілетті, зияткерлік, спорт және жасыл экономика жанашырлары, елгезек Еріктілер, парасаттылық пен патриоттық, мәдениет пен әдебиетке, достық пен азаматтық құқық салаларына баулитын жастар және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің 12 ден аса студенттік клубтар мен ұйымдар жұмыс істейді. Олардың қатарында: «Қыз Жібек» клубы; «Ұмай ана» клубы;«Жас Отан» жастар қанаты; Студенттер Альянсы; «Парасатты НЛО (Нағыз Лидерлер Одағы)» пікірсайыс клубы; «Жасыл Ел» еңбек жасағы; «Достық» жастар ұйымы; «Ақ қауырсын» жас ақындар клубы; Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша «Серт» полиция көмекшісі студенттік  отряды бар.

      Жастар ұйымдары әр білім алушының тың идея, жаңашыл бастама мен ғылым саласындағы өз мүмкіндіктерін жан-жақты жүзеге асыруына, теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, өндірісте өсуге, өзін-өзі басқару стратегиясын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа орта, жағымды көзқарас, оптимистік және мықты рух, рухани және ғылыми ортаға тез бейімделіп, өзін еркін сезінуге жол ашады. Студенттік өмірдің ңағыз қызықты сәттеріне жол сілтейді. Сонымен қатар университетте жастардың қоғамдық қызметін жандандыру, азаматтық қалыптасуын жүзеге асыру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, университет жастарының  рухани байлығы мен  интеллектуалдық дамуына ықпал ететін қажетті жағдай жасау болып табылады.

      Жастар және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімі студенттік өзін-өзі басқару органдарын қолдау және дамытуды қаматамассыз етеді. Біз университет студенттерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және мәдени-көпшілік шараларға қатысуларына қолайлы жағдай жасаймыз. Жас таланттарды қолдауға және дамытуға, студенттердің маңызды қасиеттері мен коммуникативті мәдениетін қалыптастыруға бағыттаймыз.

      Қосымша мәлімет және сұрақтар бойынша бізбен әр уақытта хабарласа аласыз.

      Электрондық пошта және әлеуметтік желілердегі парақшалар

      2331825@mail.ru – бөлімнің ресми почтасы

      @qyzdar_yniversiteti–инстаграм желісіндегі Университеттің ресми парақшасы

      @qyzpu_jastary –  инстаграм желісіндегі Жастар және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің ресми парақшасы

      СТУДЕНТТІК ДАМУ


      Клубтың атауы

      Логотипі

      Мақсаты

      Әлеуметтік
      парақша

      1

      «Ақ қауырсын» әдебиет жанашырлары клубы

      Қыздар арасында өлең, поэзия, проза т.б. жанрларда  жазатын ақын,  шығармашылық қабілеті бар студенттер клубы

      @qyzpu_aq_qauyrsyn

      2

      «Қыз Жібек» клубы 

      «Қыз Жібек» клубы Қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар,  алған білімін тәжірибе жүзінде ұштастыра білетін, парасатты, салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін, бүгінгі өмірге бейім, шынайы жан-жақты дамыған қыздарды қалыптастыру бағытындағы жастар ұйымы

      @qyz_jibek_qyzpu

      3

      «Sanaly urpaq»

      Сыбайлас жемқорлықтан таза елімізде өмір сүруге бағытталған, аса өнегелі, жауапты, ынталы, әлеуметтік жағынан білікті және өз елінің патриоты болатын тұлға қалыптастыру

      @sanalyurpaq_qyzpu

      4

      «Enactus»

          

      «Enactus» Ғылыми жаңалықтар, ашылулар, жобалармен айналысатын жастар ұйымы. Студенттер өздерінің жобаларын жыл сайынғы республикалық сайыстарда таныстырады. Үздік танылған чемпион команда әлемдік кубокқа қатысуға жолдама алады

      @enactus_zhenpu

      5

      «Jas Otan» жастар қанаты 

      Студент жастар арасында «Nur Otan» партиясының саясатын қолдаушылар қатарын арттыру арқылы креативті, көш бастайтын, саяси көзқарасы қалыптасқан жастар ортасын құру

      @jasotan_qyzpu

      6

      «Қазақстан Волонтерлар Лигасы»

      Елімізде еріктілер қозғалысын дамыту арқылы қоғамға қызмет ету мәдениетін қалыптастыратын Қазақстан Волонтерлар Лигасы

      @lv_qyzpu

      7

      «Zhastar media»

       

      Ақпараттық-насихаттық, шығармашыл бағыттағы ұйым

      @qyzpu_dostyk

      8

      «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы 

      Елімізді көгалдандыру  мақсатында студенттердің Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезімін оятып, Біз таза қала үшін бағытында жұмыс істейтін экологиялық ұйым

       

      9

      «Ұшқын» спорт және туризм клубы

       

      Шынығу – денсаулық кепілі. Спорттық жарыстар, мен киелі жерлерге саяхат арқылы туған жер табиғатын насихаттау бағытындағы ұйым

       

      10

      «Парасатты Нағыз Лидерлер Одағы» дебат клубы

      Студенттердің шешендік сөйлеу және көпшілік ортада өзін- өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру. Қоғамдық әлеуметтік мәселелерді жастар ойымен талқыға салып шешу жолдарын қарастыратын ұйым

      @parasattynlo

      11

      «Серт» полицияның көмекшісі отряды

      Студенттер арасында ҚР заңнамасын түсіндіру және құқыз
      бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізу.

      @qyzpu.sert