Орталық жобалары

    • «Ұстаз дауысы» жобасы

      "Ұстаз дауысы" жобасы дарынды жастардың, көшбасшылардың кадрлық резервін қалыптастыру және жоғарылату мақсатын көздей отырып, жас педагогтарды кәсібилендіру үшін тәжірибелі кәсіби мамандармен білім алмасу бағытын ұстанған міндеттердің бөлігі болып табылады.

      Түрлі салалар бойынша сарапшылар келесі бағыттар бойынша білім беріп, кәсіби және өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп және бағыттар бойынша бастамаларды іске асыруда сүйемелдейтін болады: ИКТ, STEM, коучинг, креативті экономика, қаржы, инновациялар, EdTech, кәсіпкерлік және басқалар.

      Жоба қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысушылар өңірлерде және қоғамдық білім беруді дамыту үшін ашық дәрістер, зерттеулер, мектеп оқушыларымен байланыс сағаттары форматында, сондай-ақ үміткердің өз қалауы бойынша тәлімгерлікке ауысу форматында позитивті нәтиже көрсетуге бағытталған жеке жобалар дайындайды.

      "Білім берудегі Менеджмент" курсы

      "Ұстаз дауысы" жобасы аясында мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің, ТжКБ, ЖОО және басқа да білім беру ұйымдарының басшы буыны үшін "Білім берудегі Менеджмент" курсы іске асырылатын болады.
      Күтілетін нәтиже: білім мен практикалық дағдыларды, hard & soft skills құзыреттерін, командада немесе ұйымда көшбасшы ретінде ауысу және табысқа жету үшін негізгі көшбасшылық дағдыларды меңгеру.

      «САНА» жобасы

      Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы университет студенттері арасында репетиторлар базасын қалыптастыруға бағытталған "САНА" репетиторлық жобасының негізін қалады.

      Жобаның мақсаты: мектептер мен басқа да оқу орындарының білім алушыларына оқу үдерісі барысында қиындық туғызатын тақырыптарды түсіндіруге көмектесу.

      Бұл жоба оқушылардың білім деңгейін жақсартып, қорытынды көрсеткіштерді жоғарылатуға айтарлықтай көмектеседі. Іріктеу қорытындысы нәтижесінде университет студенттері репетитор ретінде тәжірибе алмасып, одан әрі жетекшілерден кәсіби ұсыныс хат ала алады.