Біздің миссия

    • Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің негізгі міндеттері

      1. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету: 

      • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету; шараларды республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатымен дайындауға және өткізуге қатысу;
      • Отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференциялар, брифингтер, сұхбаттар мен кездесулер ұйымдастыру; 
      • Спичрайтинг; 
      • Университеттің жағымды беделін қалыптастыруға бағытталған  PR-кампанияларды әзірлеу және жүзеге асыру; 
      • Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің мекеме туралы қызметтік сұрақтарына мазмұнды әрі нақты жауап беру; 
      • Университет басшысының БАҚ-та сұхбаттары мен авторлық мақалаларын ұйымдастыру;
      • Іс-шараларды кәсіби және сапалы фото, бейне түсіріліммен қамтамасыз ету.

      2. Ректордың қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді имидждік қолдау:

      • Университет ректорының  ресми сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын стилистикалық және әдеби редакциялау;
      • Университет ректорының қызметі, оның ішінде ұстанымын түсіндіру мәселелері бойынша сөйлейтін сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын дайындау;
      • Бұқаралық ақпараттық құралдарында университет пен ректордың жағымды, оң имиджін жүйелі, үздіксіз түрде қалыптастыру.

      3. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді коммуникативті қолдау:

      • Университеттің www.kazmkpu.kz ресми интернет ресурсына танымдық ақпараттарды, жаңалықтарды, хабарландыруды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру, SMM;
      • Университетте өтетін  іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарын баспасөз хабарламасымен қамтамасыз ету;
      • Университет газеті мен журналының шығармашылық жұмысын үйлестіру және уақтылы шығуын қамтамасыз ету;
      • Университеттің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жаңалықтарды, ақпараттық материалдарды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру;
      • Жалпы университеттік шығармашылық конкурстардың қоғамдық комиссиясының құрамын және жұмысын ұйымдастыру.

      АСАН

      Жандар Тұрарұлы

      Баспасөз хатшысы – бөлім басшысы

      ТУҒАН КЕЗІ: 12.05.1990

      БІЛІМІ:

      • 2007-2011 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

      Академиялық дәрежесі:«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры

      • 2012-2014 жж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

      Ғылыми дәрежесі: Гуманитарлық ғылымдар магистрі

      ЕҢБЕК ТӘЖІРИБЕСІ:

      • 2011 ж. (наурыз-қараша) – «ҚАЗақпарат» баспа корпорациясы

      Қызметі: Бас редактор

      • 2011-2013 жж. – «КТК» телеарнасы

      Қызметі: Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшісі

      • 2013 ж. (маусым-қазан) – «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газеті

      Қызметі: Бас редактордың орынбасары – жауапты хатшы

      • 2013-2014 жж. – «Хабар 24» телеарнасы

      Қызметі: Телебағдарлама редакторы әрі жүргізушісі

      • 2014-2017 жж. – Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

      Қызметі:Ректордың баспасөз хатшысы –Ақпараттық-имидждік орталығының басшысы

      • 2017 жылдың қазан айынан – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

      Қызметі: Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы

      НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ:

      • Отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда 20-ға жуық ғылыми мақаласы жарық көрген.
      • Республикалық беделді басылымдарда 500-ден астам публицистикалық мақаласы шыққан.
      • Бірнеше деректі фильм мен танымдық кітаптардың авторы.

      БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:

      +7 727 237 00 07

      zhandarassanov@gmail.com