ӘГЗ институты туралы
-
Ғылым
-
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер Ғылыми-зерттеу институты 2000 жылдан бастап қызмет атқарады (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі, № 913 бұйрығы, 16 қыркүйек 2000 ж.).
Ғылыми-зерттеу институтының миссиясы
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын және әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы гендерлік теңдік ой-саналарын ілгерілету
Болашаққа Бағдар
Қазақстанда әлеуметтік және гендердік мәселелерді зерттеп-зерделеу бойынша танылған орталық ретінде даму
Қызметтің түйінді бағыттары:
- гендерлік және әлеуметтік мәселелер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
- үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- гендерлік және отбасылық саясаттың ұлттық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
- білім беретін үдерісте гендерлік пәндерді әзірлеуге және сынамадан өткізуге қатысу;
- талдамалы және ақпараттық материалдарды даярлау;
- халықаралық және ұлттық форумдарды, семинар-тренингтерді, пікірталас алаңдарын және кездесулер мен т.б. өткізу;
- студенттер арасында ақпараттық жұмыстар ұйымдастыру.