Қосдипломды білім беру бағдарламасы

      Қосдипломды білім беру бағдарламасы дегеніміз не?

      Қос дипломды білім беру - бұл екі (немесе одан да көп) университетте бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша сәйкес оқу орындарының дипломдарын алғаннан кейін қатарлас білім алу мүмкіндігі. Қазақстандық жоғары білімнің халықаралық білім кеңістігіне интеграциялануының басым бағыттарының бірі сөзсіз қос дипломды білім беру болып табылады.

      Шетелдік жоғары оқу орындармен екі жақты меморандумның негізінде МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) және шетелдік серіктестердің мамандықтарын Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің оқу пәндерімен жеке оқу жоспары әзірленді. Сонымен қатар, шетелдік серіктес ЖОО-ның пәндері қазақстандық білім беру стандартының пәндерімен үйлестіріліп, университеттің студенттеріне шетелдік ЖОО-да 4-курс (бакалавриат) немесе 2-курс (магистратура) студенттеріне білім алуына мүмкіндік береді.

      Қосдипломды білім беру бағдарламасының артықшылықтары:

      • халықаралық тәжірибе;
      • бітіргеннен кейінгі жұмыс перспективалары;
      • серіктес университеттердің жетекші оқытушыларының прогрессивті білімдерін игеру;
      • ҚазҰлтҚызПУ + серіктес университеттен 2 диплом алу.

      Қосдипломды білім беру бағдарламалары бойынша серіктестеріміз:

      1. Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті, АҚШ
      2. Катовицедегі Силезия университеті, Польша Республикасы
      3. Нийде Омер Халисдемир Университеті, Түркия
      4. Халықаралық Батыс Лондон колледжі, Ұлыбритания

      Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті қосдипломды білім беру бағдарламаларының санын арттыру мақсатында шетелдік серіктестерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуде. 

      Бағдарлама нәтижесі

      Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтаған студенттерге қазақстандық және шетелдік диплом (ҚазҰлтҚызПУ + серіктес университет) беріледі.

      Пікірлер