Сапа менеджменті жүйесі

    • «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ 2021-2025 жылдарға арналған САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЯСАТЫ

      Сапаны қамтамасыз ету саясаты Қоғамның миссиясына, көзқарасы мен құндылықтарына негізделген.

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ Қазақстанның үздік педагогикалық жоғары оқу орындарының рейтингі бойынша 2-орын алады және білім беру саласындағы көшбасшыларды даярлау арқылы Қазақстанның адами капиталының сапасын арттыруға жәрдемдесуді өз миссиясы ретінде көреді.

      Сапаны қамтамасыз ету саясатының қағидаттары:

      1. қызметтің барлық бағыттарының сапасын арттырудың тұрақтылығы мен үздіксіздігі;
      2. сапаны қамтамасыз ету саласында шешімдер қабылдаудың орындылығы, ұтымдылығы және алқалылығы;
      3. білім алушылардың қажеттіліктеріне және еңбек нарығының сұраныстарына бағдарлау;
      4. университет қызметінің барлық бағыттарының ашықтығы;
      5. ұтқырлық және өзгерістерге бейімділік;
      6. персоналдың тартылуы және жауапкершілігі;
      7. цифрландыру және инновациялық технологияларды пайдалану.

      Сапаны қамтамасыз ету саясаты келесілерге бағытталған:

      • Корпоративтік (алқалық) басқару жүйесін дамыту және жетілдіру;
      • Білім беру қызметтері мен білім беру үдерісінің сапасын үздіксіз арттыру;
      • Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің, жобалық қызмет пен стартаптардың, кәсіпкерліктің экожүйесін дамытудың тиімділігін арттыру;
      • Білім беру процесінің барлық қатысушыларының Академиялық адалдық және академиялық мәдениет ережелерін сақтауы;
      • Білім беруді интернационалдандыру және халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялау;
      • Жұмыс берушілермен, сараптамалық қоғамдастықпен, түлектермен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру және білім алушылардың алқалық басқару органдарының жұмысына қатысуы;
      • Білім алушылардың, ПОҚ пен қызметкерлердің кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту үшін қауіпсіз жағдайларды, әлеуметтік қолдауды және қолайлы ортаны қамтамасыз ету;
      • Білім алушылардың 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
      • Кадрлық әлеуетті, үдерістерді ресурстық және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру, корпоративтік рухты дамыту және арттыру, білім алушылардың, ПОҚ пен қызметкерлердің іске берілгендігі мен жауапкершілігін арттыру.

      Құжаттар


       Сапа менеджменті жүйесі

       2021-2025 жылдарға арналған САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЯСАТЫ


      Сертификаттар


       Сертификат

       Сертификат Сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2015