Оқу – әдістемелік бірлестігі
-
Білім беру
-
Оқу – әдістемелік бірлестігі – жобаларды басқару топтары
ҚазҰлтҚызПУ жанындағы Оқу – әдістемелік бірлестігі –Жобаларды басқару топтары (ары қарай ОӘБ-ЖБТ) ҚР БҒМ министрінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және оқу-әдістемелік бірлестіктердің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесін құру және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту туралы» 12 қазан 2018 жылғы № 562 Бұйрығы (11 ақпан 2020 жылғы №58 Бұйрығымен өзгерістер енгізілген) негізінде жұмыс істейді.
ҚазҰлтҚызПУ жанындағы ОӘБ – ЖБТ – ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі консультативтік-кеңесші жұмыс органы болып табылады.
ОӘБ- ЖБТ қызметін басқаруды ҚР БҒМ жанындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жүзеге асырады.
ОӘБ-ЖБТ қызметін ОӘБ –ЖБТ төрайымымен бекітіліп, бір оқу жылына құрылған жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады.
-
ОӘБ- ЖБТ секциялары келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:
№
Білім беру саласының коды және атауы
Даярлау бағытының коды және атауы
1
6В01-7М01-8D01 – Педагогикалық ғылымдар
012 – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
2
013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
3
018- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
ҚазҰлтҚызПУ жанындағы ОӘБ – ЖБТ құрамына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы үштілді білім орталығының, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының, Алматы қаласы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Адами каипталды дамыту» бөлімінің, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы «Адамның үйлесімді дамуы институтының», Талдықорған қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі «Педагогикалық шеберлік орталығының» өкілдері, республика бойынша 20 жоғары оқу орындарының және ТМД және алыс шетел университеттерінің педагог-оқытушылары, сонымен қатар, бөбекжай, балабақша және жалпы орта білім беру мекемелерінің педагог-мұғалімдері кіреді.
ОӘБ- ЖБТ өз жұмысын білім беру бағдарламаларын жобалау және оқу –әдістемелік әдебиеттерді сараптау топтары арқылы жүзеге асырады.
ОӘБ- ЖБТ қызметіне кіреді:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, жұмыс берушілердің, аккредиттеу агенттіктерінің және басқа ұйымдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сыртқы және ішкі сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында өзара әрекеттесуі;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау бағыттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
- ұлттық біліктілік шеңберіне, салалық біліктілік шеңберіне және кәсіби стандарттарға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау саласында оқыту нәтижелерін қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау;
- оқытылатын бағыттар бойынша оқытушылардың, әдебиеттердің, электронды мәліметтер базасының және басқа да қажетті ресурстардың қауіпсіздігін бақылау;
- жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімі бар жетекшілік ететін бағыттардағы оқулықтарды, оқу құралдарын, тесттік тапсырмаларды, әртүрлі деңгейдегі оқу басылымдарын сараптау, шолу;
- жоғары оқу орындарына түсу үшін дайындық бағыттары бойынша талапкерлердің ҰБТ, КТ мамандандырылған пәндерін, сондай-ақ жоғары оқу орындары студенттерінің ОЖСБ пәндерін анықтау бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
- білім беру қызметтерін тұтынушы ретінде жұмыс берушінің күтуі мен талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын және оқыту әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
- білім беру процесінің ішкі және сыртқы сапа жүйесін құру үшін ұсынымдық сипаттағы әдіснаманы әзірлеу мақсатында әлемдік тәжірибені, оның ішінде шетелдік университеттерді талдау және жүйелеу.
+ «Оқу әдістемелік бірлестіктің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің материалдары 20.04.2022
+ Функционалдық сауаттылық: талаптар мен тиімді тәжірибелер» материалдар 07.04.2021
+ Аналитикалық анықтама және презентация
+ Оқу әдістемелік бірлестік бұйрықтары
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу туралы ереже
Видеозапись очередного заседания УМО-ГУП по направлениям подготовки кадров 012 "Педагогика дошкольного воспитания и обучения", 013 "Подготовка учителей без предметной специализации" от 20 апреля 2022 г.
Протокол 018-подготовка специалистов по социальной педагогике и самопознанию
Протокол №4 Базовые компетенций как основа подготовки будущих педагогов
Байланыстар
-
РОӘК ОӘБ төрайымының орынбасары (ЖБТ басшысының орынбасары)
Еркын Нурсагатовна Жуманкулова
ҚазҰлтҚызПУ оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, п.ғ.к.
-
РОӘК ОӘБ хатшысы (ЖБТ әкімгері)
Агранович Елена Николаевна
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушысы
E-mail: elenkaagr@mail.ru
-
012 – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы бағыты бойынша секция төрайымы
Сайра Нагашыбаевна Жиенбаева
Педагогика және психология факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор
E-mail: zhidebaeva@gmail.com
-
013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау бағыты бойынша секция төрайымы
Турсынай Бейсембековна Байназарова
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор
E-mail: baynazarova64@gmail.com
-
018- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау бағыты бойынша секция төрайымы
Гульжан Сериковна Оразаева
«Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор
E-mail: gulzhan69g@gmail.com
-
ОӘБ- ЖБТ секциялары келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді: