• Өксікбаев Омархан Нұртайұлы
          • Өксікбаев Омархан Нұртайұлы
          • ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ (ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕ 2021 ЖЫЛҒЫ 21 ҚАҢТАРДА САЙЛАНДЫ), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және саяси қайраткері, алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

        Өксікбаев Омархан Нұртайұлы

        Білімі:

        • 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді;
        • 1991 жылы Францияда (Париж) «Нарықтық экономикадағы аудиторлық қызмет» мамандығы бойынша оқыды. Экономика ғылымдарының докторы.

        Еңбек өтілі:

        • 1975-1976 жж. - Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист.
        • 1976 – 1977 жж. - ГДР-дағы Кеңес әскерлері тобының құрамында әскери қызмет атқарды.
        • 1977 - 1979 жж. - Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист.
        • 1979 - 1984 жж. - Алматы облысы Балқаш ауданының «Тыңға 25 жыл» кеңшарында бас экономист, Алматы облыстық суармалы жерлерді игеру басқармасының жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы.
        • 1984 - 1992 жж. - ҚР Қаржы министрлігінің аға бақылаушы-тексерушісі, бас бақылаушы-тексерушісі, ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
        • 1992 - 1996 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің басқарма бастығы, алқа мүшесі.
        • 1996 жылғы ақпан – сәуір айлары аралығында – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекетаралық қатынастар басқармасының бастығы.
        • 1996 - 1998 жж. – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.
        • 1998 - 2000 жж. – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі.
        • 2000 - 2002 жж. – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары.
        • 2002 жылғы ақпан айынан бастап – ҚР Президенті Әкімшілігінің Бас бақылау инспекциясының басшысы.
        • 2002 жылғы шілде – 2003 жылғы маусым аралығында – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
        • 2003 – 2012 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы.
        • 2012 жылғы қыркүйек - 2016 жылғы қаңтар - бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
        • 2016 жылғы 25 наурыз айынан бастап – алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
        • Жылкыбаева Ляззат Ауесхановна
          • Жылкыбаева Ляззат Ауесхановна
          • Директорлар кеңесінің мүшесі (2020 ЖЫЛҒЫ 23 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕ САЙЛАНДЫ), Алматы қаласы білім Басқармасының басшысы

        Жылкыбаева Ляззат Ауесхановна

        Білімі:

        • 1992-1996 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты (Тарих-кітапхана факультеті, үздік диплом);
        • 2008-2010 Экономика және құқық академиясы (Магистратура, құқықтану).

        Еңбек өтілі:

        • 1996 - 2001         №1 Алматы мемлекеттік педагогикалық колледжі, тарих пәнінің мұғалімі.
        • 2001 - 2006         №1 Алматы мемлекеттік педагогикалық колледжі, директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
        • 2006 - 2007         Алматы қаласы білім департаменті, аттестаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы.
        • 2007 - 2012         Алматы қаласы білім департаменті, аттестаттау және лицензиялау бөлімінің бастығы.
        • 2012 - 2016         Алматы қаласы білім Басқармасы, кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы.
        • 2016 - 2019         Алматы қаласы білім Басқармасы, білім Басқармасы басшысының орынбасары.
        • 2019 – қазіргі уақытта       Алматы қаласы білім Басқармасы, білім Басқармасының басшысы.
        • Сагинтаева Аида Кыстаубаевна
          • Сагинтаева Аида Кыстаубаевна
          • Директорлар кеңесінің мүшесі (2020 ЖЫЛҒЫ 23 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕ САЙЛАНДЫ), Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің деканы

        Сагинтаева Аида Кыстаубаевна

        Білімі:

        • 1994-1998 Ағылшын тілін оқыту саласындағы бакалавр дәрежесі М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан;
        • 1999-2003 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, аспирантура. Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты (шет ел халықтарының тілдері) (Алматы, Қазақстан);
        • Наурыз 2003-желтоқсан 2003    АҚШ Мемлекеттік департаментінің гранты, «АҚШ және Қазақстан университеттері арасындағы Серіктестік» бағдарламасы, Индиана университеті (Блумингтон, Индиана, АҚШ);
        • 2004-2006 М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан. Пәні: заң. Мамандығы: заңтану бакалавры. Дәрежесі: маман;
        • Қаңтар-мамыр 2017  Шақырылған ғалым, Джордж Вашингтон университеті, АҚШ. Мамандығы: білім беруді басқару. Жастар стипендиясын дамыту бағдарламасы, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет бюросы, ACCELS;
        • Наурыз 2010 Халықаралық білім беруді жоспарлау Институтының қашықтықтан оқыту курсы «Сапаны сыртқы бағалау: жоғары білім беру саласындағы менеджерлер үшін» ЮНЕСКО Халықаралық білім беруді жоспарлау институты (Париж, Франция);
        • Қазан 2011«Университеттерді, ғылыми орталықтарды және Қызметтерді басқару» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсы, Пенсильвания университеті (Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ).

        Еңбек өтілі:

        • Қыркүйек 1998-тамыз 2004 М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, әлем тілдері факультетінің Ағылшын филологиясы кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.
        • Қыркүйек 2002-тамыз 2004 Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. Тараз, Қазақстан.
        • Қыркүйек 2004-қаңтар 2006 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Педагогика факультеті, Ағылшын филологиясы кафедрасының меңгерушісі. Астана, Қазақстан.
        • Наурыз 2005-қаңтар 2006 Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру қызметінің бастығы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Астана, Қазақстан.
        • Қаңтар 2006-маусым 2007 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық білім беру бағдарламалары бөлімінің бастығы. Астана, Қазақстан.
        • Маусым 2007-қыркүйек 2007 «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Бас менеджер, Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг басқармасының бастығы. Астана, Қазақстан.
        • Қазан 2007-ақпан 2009 «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті.
        • Ақпан 2009-наурыз 2011 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық ынтымақтастық және қаржы мәселелері жөніндегі проректоры.
        • Наурыз 2011- сәуір 2013 Директор, Білім беру саясаты орталығы, Назарбаев Университеті. Астана, Қазақстан.
        • Наурыз 2009-қазіргі уақытта Доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
        • Сәуір 2013- қаңтар 2017 Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінің бас атқарушы директоры. Астана, Қазақстан.
        • Қаңтар 2017- қазіргі уақытта Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінің деканы, Астана, Қазақстан.
        • Боранбай Акжол Аманжолулы
          • Боранбай Акжол Аманжолулы
          • Директорлар кеңесінің мүшесі (ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕ 2020 ЖЫЛҒЫ 23 ҚЫРКҮЙЕКТЕ САЙЛАНДЫ), «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры

        Боранбай Акжол Аманжолулы

        Білімі:

        • 2000-2005 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық қатынастар факультеті. Мамандығы-Халықаралық құқық;
        • 2008-2010 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультеті. Мамандығы-Құқықтану;
        • 2016-2017 «Болашақ» бағдарламасы бойынша жобаларды басқару/Адам ресурстарын дамыту мамандықтары бойынша тағылымдама (Нью-Йорк қ., Бостон қ.).

        Еңбек өтілі:

        • Қазан 2006 - наурыз 2007 «Отан» Республикалық саяси партиясы Орталық аппаратының қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің консультанты.
        • Наурыз 2007 - қаңтар 2008 «Отан» Республикалық саяси партиясы Төрағасының міндетін атқарушысының көмекшісі.
        • Қаңтар 2008 - сәуір 2008 ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр-Отан» ХДП фракциясы аппаратының саяси-құқықтық секторының бас консультанты.
        • Сәуір 2008 – мамыр 2008 ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісінің м.а.
        • Мамыр 2008 - қаңтар 2010 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының көмекшісі.
        • Ақпан 2010 - қыркүйек 2010 «Альянс Банк» АҚ Корпоративтік хатшысы қызметінің бас маманы (Директорлар Кеңесінің Хатшылығы).
        • Қазан 2010 – наурыз 2011 ҚР Білім және ғылым министрлігі «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің бастығы.
        • Сәуір 2011 - қазан 2011 Астана қаласындағы ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының өкілі.
        • Қыркүйек 2011 - қыркүйек 2014 ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы РМҚК директорының орынбасары.
        • Қаңтар 2015 – қазан 2015 «Нұр Отан» партиясы қоғамдық саясат институтының қоғамдық-саяси коммуникациялар бағдарламалары мен жобаларының сарапшысы».
        • Қазан 2015 - желтоқсан 2015 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері.
        • Қаңтар 2016 - қыркүйек 2016 Алматы Менеджмент Университетінің Базалық даярлау факультеті деканының орынбасары.
        • Қыркүйек 2016 - қаңтар 2020 «Астана халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ бас менеджері.
        • Қаңтар 2020 – қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.
        • Яблонски Честер
          • Яблонски Честер
          • Директорлар кеңесінің мүшесі (ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕ 2020 ЖЫЛҒЫ 23 ҚЫРКҮЙЕКТЕ САЙЛАНДЫ), Назарбаев университетінің дипломнан кейінгі бағдарламалардың қауымдастырылған Провосты, тәуелсіз директор

        Яблонски Честер

        Білімі:

        • 1963 – 1967 University of Massachusetts (Amherst), B.Sc. (Honours in Chemistry), Magna Cum Laude;
        • 1967 – 1968 Technische Höchschule (Munich), Undergraduate student, (Fulbright Scholar);
        • 1968 – 1969 University of Colorado (Boulder), Graduate Student;
        • 1969 – 1972 University of Calgary, PhD (T.S. Sorensen, Organometallic Chemistry);
        • 1972 – 1974 University of Western Ontario (NRC PDF), PDF (H.C. Clark)
        • 1974 – 1975  University of Waterloo, PDF (A. Carty, V. Snieckus);

        Еңбек өтілі:

        • 1967 Pratt and Whitney Aircraft, Scientist/Materials Development Lab.
        • 1975 - 1980 Memorial University, Assistant Professor.
        • 1978 - 1998 Memorial University, Director/MUN Nuclear Magnetic Resonance Facility.
        • 1981 - 1989 Memorial University, Associate Professor.
        • 1990 – 2008 Memorial University, Professor.
        • 1994 – 1997 Memorial University, Chemistry Deputy Head (Graduate Studies).
        • 1997 – 2000 Memorial University, Associate Dean of Graduate Studies.
        • 2001 – 2002 Memorial University, Interim Dean of Graduate Studies.
        • 2002 – 2008 Memorial University, Dean of Graduate Studies.
        • 2008 – 2009 Zayed University, Director of Research.
        • Сәуір 2008 – тамыз 2009 Zayed University, Asst. Provost Research & Graduate Affairs.
        • Қыркүйек 2009 – желтоқсан 2010 Zayed University, Dean, Graduate Studies and Assistant Provost, Research.
        • 2011 – 2018 Zayed University Professor & Dean of Graduate Studies.
        • 2018 – қазіргі уақытта Nazarbayev University, Associate Provost for Graduate Studies.
        • Ермекбаева Гульнара Омирбековна
          • Ермекбаева Гульнара Омирбековна
          • Директорлар кеңесінің мүшесі (2020 ЖЫЛҒЫ 23 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕ САЙЛАНДЫ), Алматы қаласы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры

        Ермекбаева Гульнара Омирбековна

        Білімі:

        • 1986 – 1991 Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

        Еңбек өтілі:

        • Қыркүйек 1992-қыркүйек 1995  Таран орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Алматы облысы, Жамбыл ауданы.
        • Қыркүйек 1995-ақпан 2004 Б. Қыдырбекұлы атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Алматы облысы, Жамбыл ауданы.
        • Ақпан 2004-ақпан 2007 Б. Қыдырбекұлы атындағы орта мектебінің директоры, Алматы облысы, Жамбыл ауданы.
        • Қыркүйек 2007  Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімінің басшысы.
        • Қыркүйек 2007-Наурыз 2013 Алматы облысы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің директоры, Талдықорған қаласы.
        • Наурыз 2013 ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта мектеп білімі департаменті директорының орынбасары.
        • Наурыз 2013-шілде 2013 Алматы облысы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы, Талдықорған қаласы.
        • Ақпан 2014-сәуір 2015 Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, Талдықорған қаласы.
        • Сәуір 2015-қараша 2016 Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары. Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы.
        • Қараша 2016-қазіргі уақытта Алматы қаласы Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы.
        • Пристли Данкан
          • Пристли Данкан
          • Директорлар кеңесінің мүшесі (ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕ 2020 ЖЫЛҒЫ 23 ҚЫРКҮЙЕКТЕ САЙЛАНДЫ), Назарбаев Университетінің институционалдық тиімділік жөніндегі бас директоры, тәуелсіз директор.

        Пристли Данкан

        Білімі:

        • 1983 Ливерпуль университеті, Ұлыбритания: үздік геология бакалавры;
        • 1984 Гринвич университеті (Гарнетт колледжі), Ұлыбритания: дипломнан кейінгі білім туралы куәлік;
        • 1996 Халл университеті, Ұлыбритания: география ғылымдарының докторы.

        Еңбек өтілі:

        • 1998-2010 Ашық университет, Ұлыбритания:

        - Океанография қауымдастырылған оқытушысы-бакалавриат курсы аралас тәсілмен жүзеге асырылады.

        - Зерттеу бойынша кеңесші, Көк планета-студенттерге арналған теңіз ғылымдары бойынша онлайн курс.

        - Жаңа доценттердің тәлімгері.

        • 1990–1992 Теңіз ортасы ғылымдарының оқытушысы: Метеорология, океанография және су асты акустикасы саласындағы оқыту және зерттеу.
        • 1992–2000 Океанография және су асты акустикасы теңіз ортасы туралы ғылымның аға оқытушысы.
        • 2000-2004 Теңіз экологиялық ғылымдары кафедрасының меңгерушісі.
        • 2004-2007 Ұлыбритания Корольдік Әскери-теңіз колледжі, Дартмут, Девон, Ұлыбритания:

        - Кеме технологиялары, датчиктер және телекоммуникациялар, сондай-ақ теңіз ғылымдары бөлімінің бастығы.

        • 2007-2010 Плимут университеті, Ұлыбритания:

        - Теңіз ғылымдары бағдарламасының менеджері.

        • 2010-2013 Декан орынбасары, Әскери-теңіз ғылымдары, жоғары технологиялық колледждер, БАӘ.
        • Қыркүйек 2013 - маусым 2017     Ректор аппаратының оқыту сапасын арттыру бөлімінің бастығы, Назарбаев Университеті, Қазақстан.
        • Маусым 2017 – қазіргі уақытта Ректор аппаратының институционалдық тиімділігі жөніндегі Бас директоры, Назарбаев Университеті, Қазақстан.
        • Жайжуманова Асемгуль Абаевна
          • Жайжуманова Асемгуль Абаевна
          • Директорлар кеңесінің мүшесі (2020 ЖЫЛҒЫ 23 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕ САЙЛАНДЫ), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмысы жөніндегі басқармасының бас сарапшысы

        Жайжуманова Асемгуль Абаевна

        Білімі:

        • 1995-2000 Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университет (Астана, ҚР). АӨК - дегі экономика және менеджмент, экономист-менеджер.

        Еңбек өтілі:

        • Желтоқсан 2000 – наурыз 2001 Ұлттық компаниялар бөлімінің жетекші маманының м.а.
        • Наурыз 2001 – қаңтар 2003 Ұлттық компаниялар бөлімінің жетекші маманы.
        • Қаңтар 2003 – желтоқсан 2004 Ұлттық компаниялар бөлімінің жетекші бас маманы.
        • Желтоқсан 2004 – қазан 2005 Ұлттық компаниялармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығының м.а.
        • Қазан 2005 - маусым 2008 Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарманың ұлттық компаниялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы.
        • Маусым 2008 – қазіргі уақытта Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарманың бас сарапшысы.