QyzPU маңызды мемарандумға қол қойды



    • QyzPU маңызды мемарандумға қол қойды

      АЛМАТЫ. 29 СӘУІР . БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «BINOM EDUCATION» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ынтымақтастық меморандумын жасады.

      Естеріңізге сала кетсек, QyzPU бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру және жұмыс берушілермен әріптестікті нығайту мақсатында дәстүрлі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі - 2022» өткізгендігі турасында ақпарат бергенбіз. 

      Университеттің ізденістерінің нәтижесінде жұмыс берушілердің түлектерге сұраныс деңгейі жоғарылап, еңбек нарығындағы кәсіпорындар мен ұйымдармен іскерлік байланыс орнатылды.

      Шараға бітіруші түлектерге жаңа бос жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер: облыстық, қалалық білім басқармалары, мектепке дейінгі, жалпы,  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен қатар, өзге де мекемелердің өкілдері қатысты. Атап айтсақ, Нұр-сұлтан қаласы «BINOM SCHOOL» , «Таным» мектеп-лицей, NGS, «ДАНА», Daryn Teacher, «Нұр-Ел» білім-әдістемелік орталығы, Алматы қаласы № 15 гимназиясы, Шығыс Қазақстан облысы «Қатонқарағай ауданы білім бөлімі» өкілдері   және басқа да түрлі қызмет бағыттарына байланысты ұйымдар/ кәсіпорындар өкілдері келді.

      Өткізілген шараның алғашқы нәтижесі ретінде педагогикалық кадрлар тиімділігін арттыру мақсатында «BINOM EDUCATION» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ынтымақтастық меморандумы жасалды.

      Екі тарап та осы құжат білім саласындағы оң өзгерістердің бастамасы болатынына үлкен сенім білдіріп отыр.

      P.S. BINOM EDUCATION – BI Group компаниясының білім беру жобасы. Жоба аясында елімізде BINOM SCHOOL білім ордалары ашылды. BINOM SCHOOL білім ордасында оқушылар Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін қазақ және орыс тілінде білім алады.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: