QyzPU- да Халықаралық би күні аталып өтті



    • QyzPU- да Халықаралық би күні  аталып өтті

      АЛМАТЫ. 29 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  «Ақ шатыр» сахнасында «Хореография және  Арт менджмент» кафедрасы  29 – сәуір халықаралық би  күніне  орай, қорытынды концерт қойды.

      Халықаралық би күні жыл сайын 29-сәуір тойланып келеді.

      1982 жылы ЮНЕСКО  осы күнді яғни 29 сәуірді  —француз балетмейстері, би өнерінің реформаторы, теоретигі Жан Жорж Новердің туған күніне орай бекіткен.

      Ал Жан Жок Новердің есімі тарихта «Бүгінгі Балет өнерінің атасы» деген атпен қалған.

      Қазақтың халықтық би өнері де  ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады.

       Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Жиенқұловадан бастау алған би өнері бүгінде бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналып  отыр.

      Сол ұрпақтардың қатарында біздің қара шаңырағымыз,Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің түлектері де бар.

      Біздің  Әлеуметтік  гуманитарлық ғылымдар және  өнер институтының  Хореография  және арт менджмент кафедрасының  тарихы   сонау  1987 жылы музыкалық білім факультеті жанынан хореография мамандарын даярлайтын бөлім болып ашылған сәттен басталады.  1992 жылдан бастап өз алдына жеке «Хореография» кафедрасы болып құрылған. 

      «Хореография»  мамандығының атақты түлектері Қазақ КСР Халық әртісі Раушан Байсейітова, Қазақ КСР Халық әртісі Сайрагүл Нұрсұлтанова, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Майра Қадырова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құралай Сарқытбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әлия Таныштықұлова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Рахметова және тағы басқалары осы біздің  қара  шаңырақ Қыздар университетінде  жоғары білім алды.

      Қазіргі уақытта біздің түлектер Қазақстан, Ресей, Голландия, Канада, Греция, Швейцария, Италия, АҚШ және т. б. барлық қалаларда жұмыс істейді.

      Кафедрада 2000 жылдың 5 қаңтарында құрылған «Томирис» ән-би ансамблі  күні  бүгінге  дейін аға буын салып кеткен  сара жолдан  таймай жұмыс  жасап  келеді. Әр кезең  сайын құрамы  жаңарып, шығармашылық репертуарлары  да  артып, көптеген конкурстар мен  фестивальдерден  жүлделі  оралып,  бізді  қуантуда.

      Бүгінгі  кеш те өз деңгейінде  өтіп,  кафедраның  бітіруші  түлектері  артынан ерген   жас буын ізбасарларына  өздерінен қалған сара  жолды  табыстап,  ізгі  тілектерін білдірді.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: