Университетіміздің футзал командасы «Студенттік лигаға» жолдама алды



    • Университетіміздің футзал командасы «Студенттік лигаға» жолдама алды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен құрылған қыздар футзал құрама командасы 2023 жылдың 2-17 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы бойынша дивизионның ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорттық кешенінде өткен футзалдан жарысқа қатысып келді.

       Аталған студенттік спорт лигасына Оңтүстік өңір бойынша барлығы 35 жоғары оқу орнынының студенттері қатынасты. Футзалдан өткен жарысқа Алматы қаласы Оңтүстік Шығыс дивизионы бойынша 8 команда екі топқа бөлініп, шаршы алаңда өнер көрсетті. Осы аталған командалар арасынан, атап өтсек

      1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
      2. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті
      3. «Тұран» университеті
      4. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу  университеті
      5. Аблайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем  тілдері университеті
      6. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
      7. Қазақ -Британ техникалық университетінен Алматы қаласы,Оңтүстік дивизионы бойынша  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қыздар  командасы чемпион атанды.

      «2023 жылдың 8-16 сәуір аралығында Астана қаласында ЖОО арасындағы «Студенттік спорт лигасына" финалдық кезеңге бірінші болып жолдама алған біздің қыздар командасы қазіргі таңда қызу дайындық үстінде» ,– деп атап өтті  Қазақ ұлттық қыздар футбол командасының үздік жаттықтырушысы Ибрагим Бисариев.

      Команданы  жетістігімен  құттықтап,  алдағы  жарыста  тек  жеңімпаздар қатарынан көрінеді  деп  сенеміз!

      Бөлісу: