«Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымымен тәжірибе алмасу мақсатында кездесу өтті



    • «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымымен тәжірибе алмасу мақсатында кездесу өтті

      Университетімізде «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымы мен «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында тәжірибе алмасу үшін әріптестік кездесу болып өтті.

      Кездесуге Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басшылығы, студенттік ректор, белсенді студенттер мен орталық басшылары; Назарбаев университетінен Студенттермен жұмыс департаментінің директоры Мирас Шарипов, студенттермен жұмыс департаменті директорының кеңесшісі Саниязова Арай, бас менеджер Аубакиров Нұртілек, менеджер Смаилова Жанар, орталық маманы Толеубай Алтынбек, Қауіпсіздік қызметінің басшысы Тайжанов Айдос, сонымен қатар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қауіпсіздік қызметінің офицері Б.Қалиев та қатысты.

                                                                                

      Кездесудің мақсаты – Алматы қаласы G-38-бен іскерлік байланыс жасау, тәжірибе алмасу, жастар ұйымдары арасында колоборация орнату. Орталық соның ең алғашқы іс-шарасын Қыздар университетінен бастап отыр. Кездесудің модераторлық тізгінін алған Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Рысбекова Жанар Қасымбекқызы алғы сөзді Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанайға берді. Университет басшысы жалпы оқу орнының жұмыс барысымен, инфрақұрылыммен,  жетістіктерімен таныстырды.

                                                                                

      Қазақ ұлттық қыздар пеагогикалық университетінің  студенттік ректоры Венера Қадірбек студенттік  ұйымдардың әрқайсына жеке-жеке тоқталып,әр ұйым жайлы бейнетаныстырылым  жасады.Сәйкесінше, «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымы да өздерінің кампустары туралы, 86 студенттік клубтарының жұмысымен таныстырды. Екі университет арасындағы тәжірибе алмасу мақсатындағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

                                                                               

      Бөлісу: