Университетіміздің коуч-психолог маманы тәжірибесімен бөлісіп қайтты



    • Университетіміздің коуч-психолог маманы тәжірибесімен бөлісіп қайтты

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ментальды денсаулық орталығының коуч-психологы Сара Мусина инклюзивті білім беру бойынша өз тәжірибесімен бөлісу үшін арнайы Атырау, Маңғыстау облыстарына барып қайтты.

       «Педагог мамандарын Инклюзивті білім беру бойынша ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» жобасы «Ой -сана» психологтерт қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен "Тенгизшевроил" ЖШС компаниясының гранттық қолдауымен жүзеге асып отыр. Жобаның сұранысына сәйкес, тәжірибе алмасу мақсатында, Ментальды денсаулық орталығының коуч-психологы, әлеуметтік ғылымдар магистрі Сара Мусина Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында іс-сапарға барып қайтты. Мемлекет басшысы қойған міндеттер тікелей «Тенгизшевройл» ЖШС компаниясының гранттық қолдауымен жүзеге асты.

                                                                                 

      Коуч-психолог инклюзивті білім беру бойынша нысаналы мақсатты педагог мамандарына ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу көрсету аясында: мұғалім, тәрбиеші, психолог, логопед, дефектолог, сондай-ақ, инклюзивті сыныптар, топтар ашуға ниетті білім беру мекемелерінің педагог басшыларына дәріс оқып, инклюзивті сыныптар ашуға консультациялық көмек көрсетті.

                                                                                 

      P.S Орыстың ұлағатты ұстазы  В. А. Сухомлинский  «Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер» деген екен. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру болып отыр. Аталмыш жобаның да, мамандардың да осы салада жасап жатқан жұмыстарының басты мақсаты – осы.

      Бөлісу: