Болашақ ұстаздар кәсіби педагогикалық практикаларын қорытындылады



    • Болашақ ұстаздар кәсіби педагогикалық практикаларын қорытындылады

       Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының 4-курс студенттері кәсіби педагогикалық практикаларының қорытындылау барысында «MIF - bul MIF emes» атты кеш ұйымдастырды.

      Қорытынды кешке Басқарма Төрағасынан бастап, институттың профессор оқытушылары да қатысты. Әр түрлі білім беру мекемелерінде іс-тәжірибеден өткен бітіруші курс студенттері өздерінің алған тәжірибелерін Тед Х форматында бөлісіп, үздік сабақтарынан үзінді көрсетті. Институт студенттерінің практика барысындағы жетістіктерін, ұстаздық шеберліктерін, тәлімі мен өнеге көрсетуін ыстық ықыласқа толы алғыстарымен бағалаған «Алғыс хаттарын» салтанатты түрде Басқарма Төрағасы-Ректорға табыстады.

                                                                                 

      Сонымен қатар, «Қызық екен» қызықты фактілер жайлы сұрақ-жауап ойыны жүргізіліп, «Шоу Маска» кезеңінде әртүрлі кейіпкерлер киімімен студенттер өз өнерлерін көрсетті. Кеш соңындағы «Кезек бізден сізге» атты бөлімінде оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

                                                                                

      Іс-шара барысында институттың ардагер ұстазы , Информатика кафедрасының профессоры Сапар Әуезбекұлын 70 жасқа толған мерейтойымен университет атынан Ректор Гүлмира Әмірханқызы арнайы құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті. Бұл игі шара бітіруші түлектерге педагог маманның, ұлағатты ұстаз мәртебесінің жарқын көрінісіндей өнеге мектебін көрсетті.

                                                                                 

                                                                                 

       

      Бөлісу: