Ағылшын тілінен Speaking club-ы өтті



    • Ағылшын тілінен Speaking club-ы өтті

       «Парасат» конференц-залында «English Plus» білім беру орталығымен бірлесе отырып ҚазҰҚызПУ белсенді студенттері, қызметкерлері мен оқытушыларына арналған ағылшын тілінен Speaking club-ы өтті.

      Сөйлеу клубы «Тайм менеджмент», «Қаржылық сауаттылық» және басқа да тақырыптар негізінде ағылшын тілін үйрену және жаттықтыруға бағытталған мастер-класстар түрінде өтіледі. Бүгін әңгімелесу клубының қатысушылары «Mindset: strengths and weaknesses» тақырыбын талқылады. Қатысушылар тұлғалық даму, өз-өзін дамыту, сәтсіздіктерді жеңу және ойлау қабілетінің түрлері туралы белсенді талқылау жұмыстарын жүргізді. Сабақ барысында тіл үйренушілер оқытушылармен бірге ағылшынша үлкенді-кішілі топтарда белсенді жұмыс жасады. Speaking club 6 апта бойы әр бейсенбі күні сағат 10:00 – де «Парасат» конференц-залында өткізіледі. Бірінші ағым аяқталғаннан кейін ағылшын тілін үйренгісі келетін басқа қатысушылармен тәжірибелік сабақтарды жалғастыру жоспарлануда.

      Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы

      Бөлісу: