Университетімізде "Ғылым айы 2023" басталды



    • Университетімізде

       Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  «Ғылым  айы» басталды. 10 сәуір мен  30 мамыр аралығында өтетін «Ғылым айы -2023» ғылыми шарасының  ашылуы  салтанатына Университеттің Басқарма Төрағасы мен мүшелері,  университет ғалымдары  мен  студенттері  қатысты.

                                                                                

      Аталмыш шарада  жас  ғалымдардың  «Сіріңкесіз от жағу», «Судың қасиеті», «Ғарыштық жаңбыр», «Қалқыған жұмыртқа», «Түрлі- түсті орамжапырақтың көмегімен рН индикатор жасау»,«Вулкан», «Биурет реакциясы», «Ксантопротеин реакциясы» сынды қызықты ғылыми тәжірибелерінен көрмелер қойылып, студенттер өз жұмыстарымен  таныстырды.

                                                                                 

      Басқарма  Төрағасы – Ректор Гүлмира  Әмірханқызы ғылым  күнімен  барша  ғалымдарымызды  құттықтап, университетіміздің  ғылыми даму жоспарымен  таныстырды. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2022 жылғы қорытындысы бойынша Университеттің ғылыми жетістіктеріне үлес қосқан үшін Басқарма Төрағасы – Ректордың  Алғыс хатымен  келeсідей институттар және  кафедралар марапатталады:

      • Жаратылыстану институты,
      • Физика, математика және цифрлы технологиялар институты,
      • Педагогика және психология институты,
      • Филология институты,
      • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты,
      • Физика кафедрасы,
      • Математика кафедрасы,
      • Биология кафедрасы,
      • Қазақ әдебиеті кафедрасы марапатталды. 

      Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2022 жылғы қорытындысы бойынша үздік атанған келесідей  кафедралар  марапатталды: 3 орын – География кафедрасы, 2 орын – Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы, 1 орын – Химия кафедрасы. Сонымен  қатар 2023 жылы ғылыми іс-шараға қатысып, жеңімпаз атанған студенттер де Басқарма Төрағасы – Ректордың  Алғыс хатымен марапатталды. 2022 жыл қорытындысы бойынша оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары рейтингісімен осы сілтеме арқылы танысса болады.

                                                                                

      Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2022 жылғы қорытындысы бойынша үздік атанған профессор-оқытушылар Басқарма Төрағасы – Ректордың Алғыс хатымен және ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу шығындарын төлеу үшін 50000 теңге  сертикфикатымен марапатталды.

      Университет ғылымының  дамуына  үлес қосқан  және жанашыр ғалымдарды арнайы номинациялар да  тағайындалды.

      Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы  нәтижесінде 2022 жылы жеңімпаз атанған студенттердің ғылыми жетекшілері Крыкбаева Сара Мукашевна және Калиева Алия Айбулатовнаға «СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ» номинациясы бойынша  ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу шығындарын төлеу үшін 70 000 теңге сертификаты табысталды.

      2022 жылғы Республикалық студенттердің пәндік олимпиада жеңімпаздары атанған «Мәдени-тынығу жұмысы» және «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау»  білім беру бағдарламалары оқытушыларына «СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ» номинациясы бойынша  ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және кәсіби даму шығындарын төлеу үшін 100 000 теңге  сертификаттары табысталды.

                                                                                 

      Сонымен қатар ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін Университет ғалымдарына арнайы номинациялар (номинация критерийлері) да тағайындалды:

      ЕҢ АДАЛ ҒАЛЫМ

      ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 100 000 теңге  сертификаты

      Сакен Токтарбай

      Бірде бір «хищник» журналдарында мақаласы жарияланбаған, Scopus базасында индекстелетін 11 мақала, оның ішінде 5 мақала Q1 басылымдарында жарық көрген еңбектер авторы.

      ЕҢ БЕЛСЕНДІ ЖАС ҒАЛЫМ

      ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 150 000 теңге  сертификаты

      Гүлбану Қаптағай

      Ғылым комитетінің «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру иегері, постдокторант, Scopus базасындағы 7 мақала авторы, соның ішінде 5 мақалада бірінші автор болып табылатын Университет ғылымының болашағы.

      ҒЫЛЫМ САҚШЫСЫ

      ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 150 000 теңге  сертификаты

      Ақбота Қуандықова

      Түнделетіп подвалға аққан суды тоқтатқан ғылыми инфрақұрылым қорғаушысы, лаборатория жабдықтаушысы, Химия мамандығы бойынша диссертациялық зерттеулерді жүргізіп жатқан Университеттің сенімді жас ғалымы

      ЕҢ КӨП ДӘЙЕКТЕЛГЕН МАҚАЛА АВТОРЫ

      ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 200 000 теңге  сертификаты

      Дарига Батаева

      Тұздылыққа төзімді күріш геномдері туралы зерттеулері Scopus базасындағы Q1, Q2 журналдарымен аса көп дәйектелетін мақала авторы.

      https://www.scopus.com/record/display.uri?eid=2-s2.0-85042499770&origin=resultslist&sort=plf-f

      Батаева Дарига Scopus базасында индекстелетін 5 мақала авторы, Хирш индексі 2, Университеттің алдыңғы қатарындағы зерттеушілерінің бірі.

      БЕЛСЕНДІ ҒАЛЫМ

      ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 200 000 теңге  сертификаты

      Маржан Нурбекова

       

      2022 жылы Scopus базасында 3 мақаласы жарық көрген, Хирш индексі 3-ке дейін көтерілген, гранттық қаржыландыру конкурсы жобасының ғылыми жетекшісі, инновациялық патент иегері.

      ХИРШ ҮЗДІГІ

      ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 300 000 теңге  сертификаты

      Баймахан Рысбек Баймаханұлы

      Scopus базасында 11-ден аса мақала авторы, жас ғалымдарға ұстаздық етіп жүрген Университет бойынша ең жоғарғы Хирш-индексіне (6) ие жетекші ғалым.

      КӨШБАСШЫ-ҒАЛЫМ

      ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 300 000 теңге  сертификаты

      Матаев Мухаметкали Мусагалиевич

      200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде Scopus, Web of Science журналдарында 19-дан астам мақала иесі, Хирш индексі 5, диссертациясын сәтті қорғап шыққан  9 PhD докторанттары мен ғылым кандидаттарының жетекшісі, сәтті аяқталған 2 гранттық жобаның ғылыми жетекшісі, өз қасында жас ғалымдардың үйірін жинап, тәрбиелеп жүрген асқақ ғалым.

      «Ғылым айы 2023» аясында  университетімізде  бір ай бойы  семинарлар,  дөңгелек  үстелдер,  тәжірибелік  сағаттар  өтіп,  шетелдік ғалымдарымызбен  онлайн,  офлайн кездесулер де  ұйымдастырылатын болады. Іс-шаралар кестесімен «Ғылым айы 2023» бағдарламасында таныса аласыздар.

       

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

                                                                                

                                                                                

                                                                                 

                                                                                 

                                                                                 

                                                                                 

      Бөлісу: