QYZPU студенттерінің жетістіктері



    • QYZPU студенттерінің жетістіктері

      Университетімізде білімді де, талантты жастар көп. Оған  студенттеріміздің  халықаралық, республикалық олимпиадалар мен байқаулардан алған жүлделі орындары дәлел.

      Бүгін университетіміздің Филология институтының Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 3 курс студенті Олжабек Жібек  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «әл-Фараби әлемі» Халықаралық конференциясында Action Research аясында педагогикалық практикасында өткізген өз зерттеу жұмысының нәтижелерімен бөлісіп, ІІ орын иегері атанды. Сонымен қатар конференция жинағында мақаласы жарық көрді. Жетекшісі—Айдана Шапамбаева. 

      Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының студенттерінің арасында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  «Ғылым онкүндігі—2023» аясында «ROBOTIME—2023»  байқауы өтті. Осы байқауда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының,  Информатика білім беру бағдарламасының  2 курс және Информатика және робототехника білім беру бағдарламасының  1 курс студенттерінен құралған Команда мүшелері: ҚАЛИ МАРФУҒА, БУЛКУНБЕК ДИНАРА ДҮРІМБЕК АЙНҰР, ИМАНОВА ӘМИНА «Ғылым онкүндігі—2023» аясындағы «ROBOTIME—2023» Республикалық байқауынанда  жүлделі ІІІ орынды иеленді. 

      Жетекшілері: Хамза Дәулетбек, Шайкен Ақерке, Мекебаев Нурбапа.

                                                                                 

      Аталмыш оқу орнында өткен кезекті республикалық сайыста оқу орнымыздың Жаратылыстану институты, Химия кафедрасының «Химия-Биология»  және «Химия» мамандығының 3 курс студенттері Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының арасында  өткен «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДЕБЮТ-2023» Республикалық байқауынан да жүлдеді  ІІІ орынды иеленіп қайтты. 
      Жетекшісі: Арғынбаева Зәуре

                                                                                 

      Университет басшылығы және ұжым атынан студенттерімізді жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! 

      Біз қашан да білім алушыларымыздың жетістіктерімен мақтанамыз!

      Бөлісу: