QYZPU-дің 5 студенті Польшаға ұшып кетті



    • QYZPU-дің 5 студенті Польшаға ұшып кетті

      Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 5 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшаға оқуға ұшып кетті. Альмира Әбубәкірова, Айдана Марат, Ақмарал, Эльнара Балғабай, Гүлнар Қамза Катовица қаласында орналасқан Силезия технологиялық университетінде білімін жалғастырады.

      «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2,3 курс студенттері Польшада 5 ай тегін оқитын болады.

      Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 50-ге жуық студенті осы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде білім алуда.

      Бөлісу: