QYZPU-дің тағы 8 студенті шетелге оқуға кетті



    • QYZPU-дің тағы 8 студенті шетелге оқуға кетті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті тағы 8 студентін шетелге оқуға жіберді. Шұғыла Шохайбай, Алина Ахметова, Ақерке Балабек, Арай Амеркулова, Айжан Тұрсынқызы, Арайлым Аяжан, Раушан Муслимова, Альбина Зейнетула Алматыдан Ригаға таңсәріде ұшып кетті. Латвияға жолға шығар алдында ректор Гүлмира Қанай студенттермен кездесіп, оларға сәттілік тіледі. 

                                                                                  

      Математика, цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау, информатика және робототехника білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан 3-4 курс студенттері Латвиядағы ISMA қолданбалы ғылымдар университетінде оқуын жалғастыратын болады. Айта кетейік, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ISMA университетімен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында халықаралық ынтымақтастық орнатқан.  

      Естеріңізге салсақ, күні кеше ғана Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 5 студентінің осы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшаға оқуға аттанғанын хабарлаған болатынбыз.    

                                                      

      Бөлісу: