QYZPU студентінің Еуропаның кез келген университетінде жарты жылға дейін тегін оқуға мүмкіндігі бар



    • QYZPU студентінің Еуропаның кез келген университетінде жарты жылға дейін тегін оқуға мүмкіндігі бар

      Еуропаның кез келген жоғары оқу орнында жарты жылға дейін қалай тегін оқуға немесе білім беруге бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыруға боалды? Бұл туралы Қазақстандағы Erasmus + ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері мен оқытушыларына айтып берді. Кездесуге жоғары білім беруді реформалау жөніндегі сарапшылар ұлттық командасының мүшесі Дана Әбдірашева және Ұлыбританиядағы Change School-дің даму жөніндегі директоры Нил Маршалл да қатысты.                                                                               

      Қонақтар Erasmus + еуропалық бағдарламасы ұсынатын мүмкіндіктерді студенттер, магистранттар, оқытушылар мен институт директорларына таныстырып қана қоймай, тегін гранттарды ұту үшін қалай өтініш беру керектігін де түсіндірді. Университеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдауға бағытталған бұл бағдарлама академиялық ұтқырлық пен бірлескен білім беру жобаларын іске асырады. Студенттерге кәсіби өсу үшін үшін бұл таптырмас мүмкіндік.

                                                         

      По программе Erasmus+ студенты имеют возможность учиться в университетах Европы, погружаясь в новые культуры и образовательные практики. Помимо этого, программа также предоставляет шанс преподавателям и исследователям участвовать в международных проектах, обмениваться опытом и внедрять передовые методики обучения.                                                                                                                                                      

      Сонымен қатар Erasmus + серіктес университеттерде білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Әрі әлемдік білім беру нарығында неғұрлым өзекті және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Сол себепті мұндай ақпараттық, әрі түсіндірме жұмыстарының маңызы зор.

                                                                       

       

      Бөлісу: