QYZPU дизайнері Абай атындағы опера және балет театрында айрықша коллекциясын ұсынды



    • QYZPU дизайнері Абай атындағы опера және балет театрында айрықша коллекциясын ұсынды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің дизайнері Ұлжан Бегешова көздің жауын алатын этно-коллекциясымен Үкімет және академиялық қоғамдастықтың көрнекті өкілдерін тәнті етті. Модельер опера және балет театрында өткен Абай университетінің 95 жылдығын мерекелеу кешінде өз туындыларын көпшілікке паш еткен болатын.

      Қымбат икат матадан тігілген әдемі, әрі нәзік көйлектер іс-шара көркін ашты. Дірілдеген өрнектері бар образдар әрлі-берлі өткен қонақтарды еріксіз тоқтатты. Костюмдерге қадалған көпшілік олармен суретке түсуге асықты.

                                                            

      «QASHGARI» деп аталатын коллекцияда барлығы 5 киім үлгісі болды. Оның үшеуі ұзын етекті көйлек болса, біреуі – ассиметриямен тігілген етегі тізеден төмен этно көйлек және костюм шалбар. Ұзын көйлектердің бірі жасанды жүнмен жасалған камзолмен киілсе, енді бірі икат матадан тігілген жылы шапанмен киіледі. Бас киім де көздің жауын алатындай күміс тиындармен көмкерілген.

                                                                                 

                                                                                 

      Айта кетейік, дизайнер, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы Ұлжан Бегешова 10 жыл қатарынан студенттерге дизайн жасау мен арнайы өндірістік тігін машинасында киім тігуді үйретіп келеді.  

                                                                       

       

      Бөлісу: