QYZPU жас зерттеушісі ресейлік магистранттарды басып озды



    • QYZPU жас зерттеушісі ресейлік магистранттарды басып озды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің магистранты Әсел Советбай Санкт-Петербургтегі жүйелі анализ орталығы ұйымдастырған халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байқауда 1 орынды иеленді.  

      Білім және ғылым экс-министрі, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, академик, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Шәмшә Беркімбаеваның ұлттық тілдік тұлғасы туралы ғылыми зерттеу жүргізген Әсел Советбай онлайн өткен жарыста өз тақырыбын түрлі слайдтармен жоғары деңгейде қорғап шықты. 

      Халықаралық ғылыми жарыста бас жүлдені иеленген жас зерттеуші Әсел Советбайдың ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Сәтбекова.

      Бөлісу: