Қазақстандық студенттер Тюменьде өткен ғылыми жұмыстар байқауында екінші орынды иеленді



    • Қазақстандық студенттер Тюменьде өткен ғылыми жұмыстар байқауында екінші орынды иеленді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері Әсем Амангелді мен Сымбат Нұрыш халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында екінші орынды иеленді. Байқау Тюмень қаласының индустриалды университетінде «Жоғары білім беруді жаңғырту жағдайында техникалық университеттегі инженерлік және әлеуметтік-экономикалық білім беру мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында өткен болатын.

      «Орыс тілі сабағында «Электр энергетикасы» мамандығы студенттерінің сыни ойлау қабілетін дамыту» тақырыбындағы ғылыми жұмысты 4-курс студенттері бірлесіп дайындаған еді. Аталмыш зертетуді олар бір жылдай жуық уақыт жүргізді.

      Жас зерттеушілер Әсем Амангелді мен Сымбат Нұрыштың ғылыми жетекшілері – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордың м.а. Ғибадат Орынханова.

      Бөлісу: