«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» - 2024



    • «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» - 2024

      Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-де 2-4 сәуір аралығында «Фараби Әлемі -2024» атты студенттер мен жас ғалымдардың  ірі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

      Конференцияға әртүрлі ғылым салаларының жас зерттеушілері арасында ғылыми идеялар алмасу алаңы түрінде 300-ден астам отандық және жақын, алыс шетелдерден келген жас зерттеушілер қатысты. Көптеген секциялардың бірі «Түркітану және лингвистика» алаңында ҚазақҰҚПУ, Абай ат. ҚазҰПУ, Ш.Уалиханов ат. мемлекеттік университеті, Х.Досмұхаммедұлы ат. университеті, Шетел тілдері және іскерлік карьера институты, Азаматтық авиация колледжінің студенттері мен магистранттары қатысты.

      «Фараби әлемі» конференциясының жеңімпаздары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры мен проректорының дипломдарымен және алғыс мадақтамалармен марапатталды.

       “Түркітану және лингвистика” секция жұмысының қорытындысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педуниверситеті, филология бөлімінің 2-курс студенті Хонарбай Альбина «Түркі тілдерінде лингвистикалық терминдердің жасалуы» тақырыбында баяндама жасап,  II орынды. Ғылыми жетекшісі – п.ғ.д, профессор Ж.Н. Сүлейменова.

      Бөлісу: