«Универіңді таны!» жобасы: «Латын графикасы» орталығы



    • «Универіңді таны!» жобасы: «Латын графикасы» орталығы

      АЛМАТЫ. 3 наурыз. Баспасөз орталығы – Латын әліпбиіне өтудің тиімді тұстары қандай? Артықшылығы неде? Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қазақ алфавитін латын графикасына көшіру жөніндегі орталығы осы және өзге де сауалдар төңірегінде іргелі зерттеу жүргізу мақсатында ашылды.

      Орталықта университеттің профессор-оқытушылары мен білім алушылары латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиі бойынша оқып, жазуды меңгереді.

      Сондай-ақ мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және жетілдіруге бағытталған қосымша кәсіби білім беру бағдарламалары жүргізіліп, жаңа әліпбидің орфографиясы мен орфоэпиясын қалыптастыру бағытында арнайы сабақтар мен курстар өтеді.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: