Ғылыми жұмысына жоғары баға берілді



    • Ғылыми жұмысына жоғары баға берілді

       АЛМАТЫ. 13 сәуір. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тарих және шетел тілдері институтының аға оқытушысы Гүлзада Чаргынова докторлық диссертациясын табысты қорғап, «Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болды.

      Жас ғалым ғылыми жұмысын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесте қорғады.

      Оның «Жетішаһар мемлекеті: Орталық  Азия халықтарымен және Осман империясымен өзара байланыстары (1865-1877 жж.)» тақырыбындағы диссертациясы өзектілігі мен маңыздылығы жағынан тиісті деңгейде бағаланып, кеңес мүшелері тарапынан оң бағасын алды.

      Құттықтаймыз!

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: