Академиялық ұтқырлық бойынша 19 студент пен магистрант білім алуда



    • Академиялық ұтқырлық бойынша 19 студент пен магистрант білім алуда

      АЛМАТЫ. 8 қараша. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда. Биылғы оқу жылында 19 студент пен магистрант шетелдің серіктес жоғары оқу орындарында оқу және ғылыми біліктілігін жетілдіруде.

      Атап айтқанда, «Информатика» мамандығының студенттері Латвияның ISMA институтында, «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» мамандығының студенттері мен магистранттары Польшаның Катовицедағы Силезия университетінде, «Химия», «Биология» және «География» мамандығының студенттері Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университетінде оқуын жалғастыруда.

      Сондай-ақ «Erasmus+» академиялық алмасу бағдарламасы бойынша «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері Францияның Перпиньян Виа Домитьа университетінде біліктілігін жетілдіруде.

      Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу студенттерге бірқатар перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді.

      Бұл бағдарлама арқылы оқу – ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға, кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейтуге, пайдалы тілдік тәжірибеден өтуге және қарым-қатынас жасау тәжірибесін алуға ықпал етеді.

      Үміткерлерге қойылатын талаптар:

      • өтініш беру кезінде студент 1 семестрді бітіруі керек (бакалавриат және магистратура);
      • тілдің тиісті деңгейіне ие болу (ағылшын, француз, неміс, түрік, орыс және т.б.);
      • GPA 3,0 немесе одан жоғары болуы керек.

       МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: