Университет ректоры ғалымға құрмет көрсетті



    • Университет ректоры ғалымға құрмет көрсетті

      АЛМАТЫ. 8 қараша. Баспасөз орталығы – Ғалымға құрмет – ғылымға құрмет. Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орнының қабырғасында ұзақ жылдар еңбек еткен ұлағатты ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы Қазына Аймағамбетовамен кездесті.

      Кездесуде білікті ғалым Университет басшысына оқу орнын дамыту жолындағы қызметіне сәттілік пен жетістік тіледі.

      Өз кезегінде Гүлмира Қанай Қазына Аймағамбетоваға жарты ғасырдан астам уақыт бойы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру және отандық ғылымды дамыту тұрғысындағы игілікті ісіне алғысын білдірді.

      Сіз шебер ұйымдастырушы ретінде бірнеше буын ұрпақты тәрбиелеп, елімізде білімді педагог кадрлар даярлауда өзіндік қолтаңбаңызды қалдырдыңыз. Сіздің жетекшілігіңізбен кандидаттық және докторлық диссертациялар  табысты қорғалды. Бүгінде аталған еңбектер мемлекет игілігіне пайдаланылуда. Университеттің дамуына қосқан үлесіңізбен маман даярлауда сіңірген еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін, – деді Г. Қанай.

      Айта кетейік, Қазына Аймағамбетова 1980-2019 жылдары аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы қызметтерін атқарды.

      «Пәндік оқытудың теориясы мен әдісі» тақырыбында докторлық диссертациясын табысты қорғаған.

      Ғалымның авторлығымен 350-ден астам ғылыми еңбек жарық көрген. Олардың қатарында «Табиғаттану», «Айналамен таныстыру», «Познание мира в 1 классе», «Изучение природоведения в малокомплектных школах» және «Познание мира в 4 классе» сынды оқу құралдары бар.

      Қазына Аймағамбетова – 1968 жылдан бастап 2-сыныпқа арналған ең алғашқы қазақ тіліндегі «Табиғаттану» оқулығының негізгі авторы. Бұл оқулық сол кездегі Одақтас республикалар арасында ана тілінде жарық көрген алғашқы оқулықтар қатарында үш жыл бойы Мәскеу қаласында өткізілген білім көрмесіне қойылды.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: