10 қараша – Дүниежүзілік ғылым күні



    • 10 қараша – Дүниежүзілік ғылым күні

      АЛМАТЫ. 10 қараша. Баспасөз орталығы Құрметті ғалымдар! Сіздерді Дүниежүзілік ғылым күнімен құттықтаймыз!

      Кез келген елдің бүгіні мен болашағы ғылыми қызметпен тікелей байланысты. ХХІ ғасырда ғылым мен инновация адамзат дамуының қозғаушы күшіне айналды.

      Ғылым – ұлттық байлық, Республикамыздың болашағының кепілі.

      Ғылыми биіктерге жету, ең алдымен, Сіздердің арқаларыңызда, құрметті әріптестер.

      Біз ғылымды алға сүйрейтін және жас ғалымдарымыздың жаңа перспективаларын ашатын әрбір табысқа шын жүректен қуаныштымыз.

      Ғылыми қызметтеріңізде шекара болмасын және ол Сізге кәсіби қанағаттануға мүмкіндік берсін.

      Осы мерекеде қазақстандық ғылым мен кәсіби білімнің дамуына өз еңбектерімен үлес қосып жүрген ғалымдарымызға, зерттеушілерімізге және Университет оқытушыларына зор перспективалар, қоғам игілігі үшін жаңа ашулар, ең батыл идеялар мен жобалардың жүзеге асуын тілейміз!

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: