Университетке шетелдік ғалымдар тартылуда



    • Университетке шетелдік ғалымдар тартылуда

      АЛМАТЫ. 10 қараша. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде шетелдік ғалымдар дәрістер өткізуде. Шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында биылғы оқу жылында Түркия, Латвия және Эстонияның алдыңғы қатарлы ғалымдарымен келісімдер жасалды. Қазіргі күнде олар Университет студенттері мен магистранттарына білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдер мен үлгілер бойынша білім беруде.

      Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай шетелдік ғалымдармен кездесуінде оқу үдерісіне шетелдік мамандарды тарту – білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

      Кездесу барысында Латвияның Рига Техникалық Университетінің профессоры, PhD Елена Чайко, Түркияның Башкент университетінің профессоры, PhD Суйер Екер, Нийде Өмер Халисдемир университетінің профессоры, PhD Ела Айше Коксал мен профессор, PhD Мехмет Екер өз білімдері мен тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін жеткізді.

      Ғалымдар тобы Университетте биылғы жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында «Информатика», «Лингвистика», «Тарих» және «Жаратылыстану ғылымдары» мамандығында оқитын білім алушыларға дәрістер өткізбек.

      Кездесу барысында Университет ректоры Гүлмира Қанай оқу үдерісіне шетелдік ғалымдарды тарту алдағы уақытта жалғасын таба беретіндігін жеткізді.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: