«QyzPU Fest»: Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары таныстырылды



    • «QyzPU Fest»: Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары таныстырылды

      АЛМАТЫ. 10 қараша. Баспасөз орталығы – Студенттік өзін-өзі басқару –білім алушылардың оқуын, тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша қоғамдық қызметтің ерекші үлгісі.

      Бүгінде біздің Университетте 15-ке жуық студенттік ұйым қызмет атқарады. Оларға 4 мыңға жуық білім алушы мүше.

      Студенттік өзін-өзі басқару органдары мен жастар ұйымдарының басты мақсаты – жастар арасында азаматтық-патриоттық тәрбиені қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, білім алушыларды әлеуметтік қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау. 

      Ұйымдардың ұйымдастыруымен Университетте білім, ғылым, өнер және спорт бағыттарындағы сайыстар тұрақты өткізіліп тұрады.

      Студенттік ұйымдардың жұмысын қайта жандандыру мақсатында «QyzPU Fest» іс-шарасы өтті.

      Оның барысында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары барлық курс студенттеріне таныстырылып, ұйымдарға қабылдау жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

      Басқосуды Университеттің Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанар Рысбекова ашып, білім алушыларды ұйымдар мен клубтарға мүше болуға шақырып, бірлесе жұмыс істеуге үндеді.

      Шара барысында «Қыз Жібек» клубы, «Jas Otan» Жастар қанаты, «Ұмай ана» сынды ұйымдар таныстырылып, мақсат-міндеттері видео-презентация түрінде түсіндірілді.

      «QyzPU Fest» барысында өнерпаз студенттер заманауи бағыттағы флешмоб билеп, ұйымдардың гимнін айтты. Сонымен қатар көрермендер арасында арнайы ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға кәдесыйлар берілді.

      Іс-шара соңында алғашқы курс студенттері ұйымдарға мүшелікке өтіп, арнайы QR код арқылы тіркеуден өтті.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: