Университетте «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсының алғашқы кезеңі өтті



    • Университетте «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсының алғашқы кезеңі өтті

      АЛМАТЫ. 16 қараша. Баспасөз орталығы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын тағайындау қағидасына сәйкес Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары арасында байқаудың алғашқы кезеңі өтіп, республикалық байқауға жолдама алғандар анықталды.

      Жалпыуниверситеттік конкурс Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанайдың Бұйрығы негізінде қараша айының 1-15 жұлдызы аралығында өтті.

      Байқауға оқу орнының штатындағы және кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар оқытушылар қатысты.

      Алғашқы кезеңде үздік деп танылғандар республикалық байқауға қатысуға жолдама берілді.

      «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсына үміткерлер тізімін ұсынамыз: 

      • Матаев Мұхаметқали Мұсағалиұлы
      • Қалиева Анар Нұрғайыпқызы
      • Ибраймова Лира Абдилдабекқызы
      • Садықова Дамежан Әділханқызы
      • Сұлтанова Бибігүл Мыңбайқызы
      • Салғараева Гүлназ Ибрагимқызы
      • Рахметова Нұрзия Байтукешқызы

      P.S.: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» республикалық байқауының жеңімпазы 6 миллион теңге шамасында сыйақы алады.

      Байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1 қарашадан басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады.

      Байқауға жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары қатыса алады.

      Олардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл болып, оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері болуы тиіс.

      Байқаудың мақсаты – оқытушы мамандығының беделін арттыру және жоғары оқу орындары оқытушыларын кәсіби тұрғыда одан әрі дамуына ынталандыру болып табылады.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: