«Tereń dem al» – республикалық пікір сайыс турнирінің жеңімпазы



    • «Tereń dem al» – республикалық пікір сайыс турнирінің жеңімпазы

      АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен құралған «Tereń dem al» фракциясы «QORQYT АTA CUP» студенттер арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінде екінші орынға ие болды.

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа еліміздің барлық аймағынан 18 команда қатысты.

      Дебат – жастардың логикалық және сыни ойлау қабілетін ұштайтын интеллектуалды ойын. Қоғамның өзекті мәселелерін көтеріп, тәуелсіз шешім қабылдауға бейімдейді.

      Пікірсайыс турнирі америкалық парламенттік және Линкольн-Дуглас форматында өтті.

      Турнирге еліміздің іргелі жоғары оқу орнының білім алушылары қатысты.

      Атап айтсақ, қатысушылар қатарында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Халықаралық туризм және мейман достық университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Болашақ» университеті және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті бар.

      Екі күндік сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орын (300 мың теңге) Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Бекзат Саттарханов» фракциясына, екінші орын (150 мың теңге) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Терең дем ал» фракциясына және үшінші орын (100 мың теңге) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Цицерон» фракциясына табысталды.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: