Волейболдан жалпыуниверситеттік турнир өтті (ФОТО)



    • Волейболдан жалпыуниверситеттік турнир өтті (ФОТО)

      АЛМАТЫ. 25 АҚПАН. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру – олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Осы мақсатта QyzPU University-да студенттік басқару ұйымдары, спорт секциялары мен клубтар жұмыс істейді. Студенттік үйлерде тұратын білім алушылардың салауатты өмір салтын сақтауға үндеу мақсатында волейболдан турнир өтті.

      Спорт сайысына «Жасstar», «Жалын», «Алау», «Грация» және «Сұңқар» командалары қатысты.

      – Басты мақсатымыз – жатақханада тұратын студенттеріміздің сабақтан тыс бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға атсалысу. Бұл мақсатта мәдени-спорттық және зияткерлік іс-шараларды көптеп өткізудің маңызы зор. Қолғ алып жатқан бастамалар ары қарай жалғасатын табатын болады. Біз өз кезегімізде осы бағыттағы эстафетамызды өзге институттарға жолдаймыз, – деді турнирдің ашылу рәсімінде Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының директоры Жамал Әшірбекова.

      Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша «Алау» командасы бірінші орынға ие болды. Екінші орынға «Грация» командасы лайық деп танылса, үшінші орын «Сұңқар» командасына берілді.

      Сондай-ақ Марал Сәби, Қаламқас Төреханова, Аяулым Асанова және Диана Балсапа есімді студенттер сайыс барысында үздік ойын өрнегін көрсетті.

      Жеңімпаз командалар мен жекелей спортшылар диплом, медаль және кубокпен марапатталды.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: