«Өзіміз туралы өзіміз айтамыз»: «Дефектология» мамандығының магистрантымен танысу



    • «Өзіміз туралы өзіміз айтамыз»: «Дефектология» мамандығының магистрантымен танысу

      АЛМАТЫ. 28 ақпан. Баспасөз орталығы – Дефектология дегеніміз не? Дефектолог қандай мамандық? QyzPU University бірнеше жылдан бері осы мамандарды даярлап келеді. Бүгін «Дефектология» мамандығының магистранты Назерке Аманғалиевамен таныстырамыз. Ол дефектолог мамандығын не үшін таңдағаны туралы және оның мүмкіндіктері жайлы айтады.

       

      – Назерке, өзіңіз туралы айтып өтсеңіз.

      – Барлығына сәлем! Мен QyzPU баклавриатын бітіргенмін. Қазір «Дефектология» мамандығының 2-курс магистрантымын.

       

      – «Дефектология» мамандығын таңдауыңызға не себеп болды?

      – Дефектолог бұл – ерекше және сұранысқа ие мамандардың бірі. Біз психикалық, физикалық дамуында ауытқуы бар балалармен жұмыс істеп, оларға толыққанды өмір сүруге көмектесеміз.

       

      – Неге «Дефектология» «модно»?

      Дефектологтар маңызды әлеуметтік миссияны орындайды, олар жұмыссыз қалмайды және айналаға жайлы өмір сүруге ықпал етеді.

       

      – «Дефектология» мамандығының ерекшеліктері қандай?

      – Бұл мамандық педагогика, медицина және психологияны біріктіреді. Ең бастысы – мамандықтың келешегі зор.

       

      – Бұл мамандық түлектері қайда жұмысқа орналаса алады?

      – Түлектер мектеп-интернаттар, санаторийлер, арнайы білім беру мекемелері, медициналық және оңалту орталықтарында жұмыс істей алады.

       

      – Алдағы жоспарыңыз?

      Өзгелерге көмек қолын созу. Осы арқылы қоғам игілігіне қызмет ету. Өз  салам бойынша кәсіби маман болу.

       

      – QyzPU-ға түсуді армандайтын талапкерлерге қандай кеңес бересіз?

      – Елімізде дефектолог мамандарын даярлайтын университеттер аз. Ал QyzPU-да кәсіби маман болып шығуыңызға толық мүмкіндік бар. Сұранысқа ие болу – уақыт талабы. Ал бұл мақсатқа қол жеткізу Сіздің дұрыс таңдауыңызға байланысты. QyzPU қоғамының мүшесі атану – оң шешім деп білемін.

       

      – Мамандық туралы толық білу үшін қайда хабарласуға болады?

      – Педагогика және психология институтына немесе қабылдау комиссиясына хабарласу керек. Байланыс арналары: +7 727 237 00 61, +7 727 237 00 65, +7 727 237 01 63.

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: