«Өзіміз туралы өзіміз айтамыз»: «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының студентімен танысу



    • «Өзіміз туралы өзіміз айтамыз»: «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының студентімен танысу

      АЛМАТЫ. 1 наурыз. Баспасөз орталығы – QyzPU University «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 4-курс студенті Зәуре Бекеновамен таныс болыңыздар! Зәуре оқу мен қоғамдық жұмыстарда өте белсенді. Бүгін бізге ол өзінің студенттік өмірі, жеткен жетістігі мен «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының мүмкіндіктері жайлы әңгімелейді.

       

      – Зәуре, өзің туралы айтып өтсең.

      – Кеш жарық! Менің есімім – Зәуре. Жасым 21-де. «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 4-курс студентімін. Қазіргі күнде диплом жұмысын қорғауға дайындалып жүрмін.

       

      – Неге таңдауың QyzPU және осы мамандық болды?

      – QyzPU-ға таңдауымның түсуіне басты себепкер болған туыстарым. Университеттің ұзақ жылғы тарихы мен қоғамдағы беделі шешім қабылдауыма әсер етті. Мектепте оқып жүргенде аймақтық, республикалық шығармашылық байқауларына қатысып, жеңімпаз атандым. Сондықтан да таңдауым осы мамандыққа түсіп, білім грантына ие болдым.

       

      – Бұл мамандықты бітірген түлектер қайда жұмыс істей алады?

      – Жұмысқа орналасу аясы өте ауқымды. Түлектер білім беру, туризм, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары салаларында педагог, менеджер, сценарист, режиссер, ұйымдастырушы, жүргізуші ретінде қызмет атқара алады.

       

      – Бұл мамандық бойынша практиканы қайда өтуге болады?

      – Практикалар телеарна, радио, мектеп, театр, мәдениет үйлері, музейлер мен филармонияда өтеді. Қазір практикалық базалар саны артуда.

       

      – QyzPU-дың студенттік өмірі ұнай ма?

      – Өте қатты ұнайды! Мен бірнеше жыл «Jas Otan» ұйымының көшбасшысы болып жұмыс істедім. Ұйым қатарында жүріп көптеген жобаларды жүзеге асырдық.

       

      – QyzPU сені қандай жетістікке жеткізді?

      – Бірнеше жыл қатарынан Президенттік стипендия иегері атандым. 2020 жылы «Жылдың үздік студенті» республикалық байқауында топ жардым. Бұның барлығы QyzPU берген мүмкіндіктер.

       

      – Алға қойған мақсатың...

      Мақсатым – абыройлы, өз ісімнің нағыз маманы болып қалыптасу.

       

      – QyzPU-ды таңдаған талапкерге не айтқың келеді?

      – Сен қателескен жоқсың. Мүмкіндіктерді дұрыс қолдана білсең QyzPU көптеген есіктерді ашуға себепкер болады. Сәттілік!

       

      – Мамандық туралы толық ақпаратты қайдан алуға болады?

      – Ол үшін +7 727 237 00 61, +7 727 237 00 65, +7 727 233 19 28 нөмірлеріне хабарласу керек.

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: