«Өзіміз туралы өзіміз айтамыз»: «Хореография» мамандығының студентімен танысу



    • «Өзіміз туралы өзіміз айтамыз»: «Хореография» мамандығының студентімен танысу

      АЛМАТЫ. 2 наурыз. Баспасөз орталығы – «Хореография» біздің Университеттегі ең танымал әрі қызықты мамандықтардың бірі. Бұл мамандықтың түлектері еліміздегі танымал би ансамбльдері мен өнер ұжымдарында еңбек етеді. Жеке студиялар ашып, шәкірт тәрбиелеп жатқан түлектердің саны да көп. Рената Алшымбаева – талантты студентіміздің бірі. Ол – «Томирис» би ансамблінің мүшесі. Ол сұхбатында өзі туралы және мамандықтың ерекшелігі туралы әңгімелейді.

       

      – Рената, өзің туралы айтып өтсең.

      – Сәлеметсіз бе, менің атым Рената. Мен 21 жастамын. «Хореография» мамандығының 4 курс студентімін. Қазіргі уақытта практикадан өтіп, диплом жұмысын қорғауға дайындалып жатырмын.

       

      – Неге таңдауың QyzPU және осы мамандық болды?

      – Мен жастайымнан бимен айналысамын. Осылайша, би өнері менің өмірімнің бір бөлігіне айналғанын түсіндім. Менің нақты мақсатым бар еді – хореограф болу. Кейін Университетіміз туралы мәліметтерді оқыдым. Университеттің республика бойынша үздік отыздыққа, педагогикалық жоғары оқу орындары арасында екінші орында тұрғанын және бақытыма орай, «Хореография» мамандығы бар екенін білгеннен кейін, еш ойланбастан осында оқуға түстім.

       

      – Бұл мамандықты бітірген түлектер қайда жұмыс істей алады?

      – Қазір хореографиялық өнер айтарлықтай танымал болды. Хореографтарға сұраныс күн сайын артып келеді. Атқаратын қызмет ауқымы кең: мектептерден театрларға дейін. Өз коллективін ашуға немесе орындаушы бола отырып, мемлекеттік және фольклорлық ансамбльдерде жұмыс істеуге болады.

       

      – Бұл мамандық бойынша практиканы қайда өтуге болады?

      – Практикалар мектептерде немесе мәдениет нысандарында өтуі мүмкін. Сондай-ақ балабақшада да тәжірибеден өтуге болады.

       

      – QyzPU-дың студенттік өмірі ұнай ма?

      – Әрине ұнайды! Бірінші курстан бастап университеттегі «Томирис» ансамблі құрамында өнер көрсетемін. Түрлі концерттерге, іс-шараларға, байқауларға қатыстым.

       

      – QyzPU сені қандай жетістікке жеткізді?

      – Соңғы екі жылда Президенттік стипендияның иегері болдым. Бұл үшін университетімізге алғысым шексіз.

       

      – Алға қойған мақсатың...

      Жақсы, білімді маман болу.

       

      – QyzPU-ды таңдаған талапкерге не айтқың келеді?

      – Сәттілік тілеймін. Кейде қиын болады, әрине. Бірақ сіз осы университетке түскеніңізге өкінбейсіз. Студенттік өмірдің әрбір сәтінен ләззат алыңыз.

       

      – Мамандық туралы толық ақпаратты қайдан алуға болады?

      – Ол үшін мына нөмірлерге хабарласыңыз: +7 727 237 00 61, +7 727 237 00 65, +7 727 233 19 28.

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: