Университетімізде «Балалардың әл-қуаты және ментальді саулығы» атты педагогикалық идеялар фестивалі өтеді



    • Университетімізде «Балалардың әл-қуаты және ментальді саулығы» атты педагогикалық идеялар фестивалі өтеді

      Университетімізде «Балалардың әл-қуаты және ментальді саулығы» атты педагогикалық идеялар фестивалі өтеді.

      Құрметті профессор-оқытушылар, студенттер және Жалпы білім беру ұйымдары!

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ ағымдағы жылдың желтоқсан айының айының 2-3 жұлдызы күндері Балаларды қорғау жылы аясында «Балалардың әл-ауқаты және ментальді саулығы» тақырыбында педагогикалық идеялар фестивалін өтеді.

      Фестивалдің мақсаты – балалардың әл-ауқаты және менталды саулығын қамтамасыз ету үшін білім беру мекемелері мен отбасында балаларға қолайлы психологиялық білім беру ортасын құру мәселесін талқылау. Фестиваль барысында Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, үздік педагогтар мен психологтар, зерттеушілер, медицина, өнер және балалар әдебиеті саласы қызметкерлерінің пікірлері тыңдалып, түрлі шеберлік сыныптары мен арт-көрмелер ұйымдастырылады.

      Іс-шарамыз шеңберінде балаларға арналған «Кітап оқу аймағы», «Дамытушы ойындар аймағы», «Сурет салу аймағы», «Жас шебер» қолөнер аймағы, «Би әлемі» би аймағы, «ROBOspace» робототехника аймағы атты шығармашылық аймақтар жұмыс істейтінін хабардар етеміз. Балаларға арналған шығармашылық аймақтар фестиваль өткізудің барлық кезеңінде жұмыс істейді.

      Фестивальдің ашылу салтанаты дәстүрлі форматта Гоголь көшесі 114 мекен жайында орналасқан акт залында (3 қабат) сағат 10.00-де өткізіледі.

      Фестивальдің толық бағдарламасымен келесі сілтемеге өту арқылы таныса аласыз https://drive.google.com/file/d/18hcdvnXfHhMzdb0hWfdQr6Shu40Kjucb/view?usp=sharing

      Сізді Фестивалға қатысуға шақырамыз және іс- шараға қатысу туралы ақпаратты төмендегі QR-кодқа өту арқылы толтыруыңызды сұраймыз.

      Баршаңызды Фестиваліміздің қонағы болуға шақырамыз!

      Бөлісу: