«English Plus» білім беру орталығында университеттің белсенді қызметкерлері мен студенттері үшін ағылшын тілін меңгеруге арналған тегін Speaking club басталды



    • «English Plus» білім беру орталығында университеттің  белсенді қызметкерлері мен студенттері үшін ағылшын тілін меңгеруге арналған тегін Speaking club басталды

      30 наурызда «English Plus» білім беру орталығымен бірлесе отырып ҚазҰҚызПУ белсенді қызметкерлері мен студенттері үшін ағылшын тілін меңгеруге арналған тегін Speaking club басталды.

      Сөйлеу клубы «Тайм менеджмент», «Қаржылық сауаттылық» және басқа да тақырыптар негізінде ағылшын тілін үйрену және жаттықтыруға бағытталған мастер-класстар түрінде өтіледі. Бүгін әңгімелесу клубының қатысушылары «Vision and goals» тақырыбын талқылады. Сабақ барысында тіл үйренушілер оқытушылармен бірге ағылшынша үлкенді-кішілі топтарда белсенді жұмыс жасады.

      Speaking club 8 апта бойы жүйелі түрде өткізіліп, бірінші ағым аяқталғаннан кейін ағылшын тілін үйренгісі келетін басқа қатысушылармен тәжірибелік сабақтарды жалғастыру жоспарлануда.

      Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы

      Бөлісу: