Жаратылыстану институты Республикалық пәндік олимпиада өткізетінін хабарлайды!



    • Жаратылыстану институты Республикалық пәндік олимпиада өткізетінін хабарлайды!

      2023 жылы сәуір айының 26 жұлдызында Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті, Жаратылыстану Институтының ұйымдастыруымен химия, биология, география пәндері бойынша мектептердің 9-10 сыныптардың оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиада өткізіледі.

      Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

      Өткізу формасы: оффлайн.

      Олимпиаданың мақсаты: орта білім беретін оқу-тәрбие ұйымдарындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаратылыстану пәндеріне және ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту.

        Олимпиада, жеңімпаздары І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

        Барлығыңызды олимпиадаға қатысуға шақырамыз.

      Олимпиада ережелерін  осы  сілтемеден жүктеп алыңыз

      Олимпиадаға қатысты барлық шығындар (келу, кету, тамақтану, тұратын орын) жіберуші мекеме тарапынан өтеледі.

      Олимпиадаға қатысу үшін 1-қосымшада көрсетілген тіркелу парағын толтырып, төмендегі почтаға жіберіңіз:

      Химия бағыты бойынша:      aliya.kenesbekovna@gmail.com                                        

      Биология бағыты бойынша: zaidarakhimova2@gmail.com

      География бағыты бойынша: ospanbayevaaidanaamangeldi@gmail.com        

      Пәндік олимпиадасына қатысу үшін тіркеу  қағазын осы сілтемеден  жүктеп алыңыз                                            

      Тіркелу уақыты 2023 жылдың –1-20 сәуір аралығы.

      Өтетін орны: Гоголь көшесі 114/1, 310 кабинет.

      Олимпиаданың басталу уақыты: 26 сәуір, сағат 900.

       Олимпиаданы ұйымдастыруға қатысты барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

      • Химия пәні бойынша: +77751457721 – Камысбаева Алия Кенесбековна
      • Биология пәні бойынша: +77021682493 – Рахимова Заида Сериковна
      • География пәні бойынша: +77023265748 – Оспанбаева Айдана   Амангельдыкызы

      Сіздің қатысуыңызды асыға күтеміз!

      Бөлісу: