Құрметті оқытушылар мен докторанттар!



    • Құрметті оқытушылар мен докторанттар!

      2023 жылдың 01-15 мамыр аралығында “Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті” КЕАҚ қабырғасында Торонто университетінің (Канада) профессоры Сарфароз Ниёзов (Dr Sarfaroz Niyozov) өткізетін “Ғылыми жетекшілер мектебі” семинар сериясына қатысуға шақырамыз.

      Профессор Сарфароз Ниёзов білім саласындағы зерттеулермен айналысатын Scopus базасында 14 мақаласы (Хирш индексі – 7) жарияланған посткеңестік кеңістіктен шыққан ғалым.

      “Ғылыми жетекшілер мектебі” семинар сериясы білім саласындағы зерттеулердің әртүрлі салаларына, соның ішінде сапалық көрсеткіштерге және тәжірибеге бағытталады.

      Семинар сериясының бағдарламасымен осы сілтеме арқылы таныса аласыздар.

      Семинарға қатысу құны: 80 000 тг.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұжымы өкілдері үшін семинар серияларына қатысу жеңілдіктері қарастырылған.

      Семинарға қатысушылар саны шектеулі. Тіркелу үшін осы форманы толтырып, төлемді растайтын түбіртек (квитанция) бекіту қажет.

      РЕКВИЗИТТЕР: 

      • НАО «Казахский национальный женский педогогический университет»,050000 г.Алматы, ул. Гоголя 114, корпус 1
      • БИН: 990240005438
      • ИИК: KZ128562203125036057
      • АО «БанкЦентрКредит»
      • БИК: KCJBKZKX
      • КБЕ:16

      Сонымен қатар, Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеуге болады. Ол үшін келесі нұсқауларға назар аударыңыз: «Білім» - «Университеттер мен колледждер» - «Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті» - «Факультет» (Семинарға қатысу) - Курс (1) - Студенттің Т.А.Ә. ..- ЖСН... - сомасы ().

      Семинар орыс тілінде өтеді.

      Семинар орыс тілінде өтеді.  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұжымы өкілдері үшін семинар серияларына қатысу шарты

      Тегін негізде:

      • Университет аясында орындалатын ғылыми жоба жетекшілері мен қатысушылары;
      • “Ғылыми зерттеулер әдіснамасы” пәні оқытушылары.

      90 % жеңілдік (8 000 тг.):

      • Университет профессор-оқытушылар құрамы үшін;
      •  Университет докторанттары мен магистранттары үшін.

      !!! Семинарға қатысушылар үшін ғылыми жоба өтінімдерін даярлауда және зерттеу нәтижелерін жариялау бойынша спикердің сараптамасын алу мүмкіншілігі болады.

      !!! Семинарлар сериясын сәтті аяқтаған қатысушыларға 72 сағаттық сертификат беріледі.  

      Бөлісу: