Құрметті, 1, 2 - курс магистранттары және 1,2,3 курс докторанттары



    • Құрметті,  1, 2 - курс магистранттары және 1,2,3 курс докторанттары

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ  (бұдан әрі - Университет) 2023-2024 оқу жылында өзінің 80-жылдығын атап өтетінін қуана хабарлаймыз.

      Осы тарихи іс-шараға дайындық аясында Университет білім алушылар мен оқытушыларға қолайлы жағдай жасау үшін студенттік үйлерде, жатақханаларда және оқу ғимараттарында кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

      Осыған орай, Университет:

      • 1  курс магистранттарына 2023 жылдың қыркүйек айының 4-жұлдызы мен 16-жұлдызы аралығында офлайн форматта  «Интенсивті курс» өткізуді;
      • 2023 жылдың 18 қыркүйек - 07 қазан аралығында теориялық оқу мерзімін  онлайн форматта жүргізуді;
      • 2 курс магистранттарына 2023 жылдың 04 қыркүйек - 07 қазан аралығында теориялық оқу мерзімін онлайн форматта өткізуді жоспарлап отыр.
      • 1,2,3 курс докторанттарына теориялық оқу мерзімі офлайн форматта жүргізіледі.

      Онлайн форматта өткізілетін барлық сабақтар кесте бойынша ZOOM және MICROSOFT TEAMS платформаларымен оқу үдерісінің барлық қатысушыларын міндетті түрде қосу арқылы өткізілетін болады.

       Университет 2023 жылдың қазан айының 9-жұлдызынан бастап Сіздерді офлайн форматта оқытуға асыға күтеді.  

      Түсінгеніңіз үшін рахмет! Жақын күндерде кездескенше!

       

      Бөлісу: