Құрметті 1,2-курс күндізгі бөлімнің студенттері



    • Құрметті 1,2-курс күндізгі бөлімнің студенттері

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ  (бұдан әрі - Университет) 2023-2024 оқу жылында өзінің 80-жылдығын атап өтетінін қуана хабарлаймыз.

      Осы тарихи іс-шараға дайындық аясында Университет студенттер мен оқытушыларға қолайлы жағдай жасау үшін студенттік үйлерде, жатақханаларда және оқу ғимараттарында кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай, Университет 1,2-курстың білім алушыларына 2023-2024 оқу жылын 2023 жылдың қыркүйек айының 1-жұлдызы мен қазан айының 9-жұлдызы аралығында онлайн форматта өткізуді жоспарлап отыр

      2023 жылдың қыркүйек айының 1-жұлдызы мен қазан айының 7-жұлдызы аралығында барлық сабақтар кесте бойынша ZOOM және MICROSOFT TEAMS платформаларымен оқу үдерісінің барлық қатысушыларын міндетті түрде қосу арқылы өткізілетін болады. 

      Университет 2023 жылдың қазан айының 9-жұлдызынан бастап Сіздерді офлайн форматта оқытуға асыға күтеді.  

      ҚҰРМЕТТІ 3,4-КУРС КҮНДІЗГІ БӨЛІМНІҢ СТУДЕНТТЕРІ!

      Күндізгі бөлімнің 3,4-курс студенттеріне сабақтар 2023 жылдың қыркүйек айының 1-жұлдызынан бастап дәстүрлі (офлайн) форматта басталады.

      Түсінгеніңіз үшін рахмет! Жақын күндерде кездескенше!

      Бөлісу: