2023 жылғы 13 қазан күні «Шетелдік серіктес университеттерімен білім беруді интернационалдандыру» тақырыбындағы семинар-тренинг өтеді



    • 2023 жылғы 13 қазан күні «Шетелдік серіктес университеттерімен білім беруді интернационалдандыру» тақырыбындағы  семинар-тренинг өтеді

      «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ«Қазақстандағы жоғары білім беруді интернационалдандыру негізінде білім алушылардың лингвомәдени құзыреттіліктерін дамыту» атты гранттық жоба аясында өтетін  «Шетелдік серіктес университеттерімен білім беруді интернационалдандыру» тақырыбындағы  семинар-тренингке  қатысуға шақырамыз.

      Семинар-тренинг жаһандану дәуірінде студенттер халықаралық деңгейдегі оқу бағдарламалары бар, мәдени әртүрлілікті қамтамасыз ете алатын және шетелде тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін жоғары оқу орындарында білім алуға басымдық береді. Студенттердің халықаралық деңгейдегі алған тәжірибелері олардың біліктілігін арттырады. Семинар-тренингте «үйдегі интернационализация» саясатын іске асыру мақсатында COIL - Collaborative Online International Learning платформасы арқылы оқу бағдарламаларын дамыту тақырыбы қарастырылады.

      Бірлескен онлайн-практикумдарда және семинарларда пайдаланылатын әртүрлі әдістер білім алушыларға шет тілін үйреніп қана қоймай, оны күнделікті қарым-қатынаста қолдануға, өздерінің коммуникативтік, тілдік және мәдени құзыреттерін дамыта отырып, басқа халықтардың өкілдерімен танысуға көмектеседі.

      Өтілетін орны: Алматы қ., Гоголь көшесі 114

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, №215 конференц залы,  2 қабат.

      Тіркеу: сағат  9.30 -10.00

      Жоба жетекшісі: Каримова Бейбіткүл Сәрсемханқызы  «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор, ф.ғ.к.  

      Бөлісу: