TOEFl-ге дайындалу үшін UStudy-мен ынтымақтастық



    • TOEFl-ге дайындалу үшін UStudy-мен ынтымақтастық

      Құрметті студенттер, магистранттар, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы!

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес, шетелтілін меңгергенін растайтын TOEFLITP халықаралық сертификаты бар тұлғала рмагистратураның кешенді тестілеуінің (КТ) шет тілі бойынша тестінен босатылатынын мәлімдейміз. Сонымен қатар, докторантураға түсушілер үшін TOEFLITP халықаралық сертификатын ұсыну міндетті болып табылады.

      Халықаралық форматтағы, ағылшын тілін меңгергенін растайтын TOEFL сертификаты отандық немесе шетелдік жоғары оқу орнына бакалавриатқа, магистратураға және докторантураға түсу кезінде грант алуға көмектеседі.

      TOEFL сертификатын алу процесі белгілі бір уақытты талап ететінін ескере отырып,  тестті тапсыруға өтінімді магистратураға және докторантураға қабылдау аяқталғанға дейін тапсыру қажет.

      Келісім аясында UStudy ETS Global ресми өкілі болып табылатындықтан барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда TOEFL ITP халықаралық емтиханын өткізеді.

      TOEFL емтиханынан өту үшін UStudy тестілеу орталықтарының 8700-202-93-25 нөміріне немесе поштасына id@ustudy.kz өтінім жіберу қажет (Аманқұл Аружан).

      Бөлісу: